21.05.2023
77
Сақтық
Тағыныпсың інжу-маржан,
Мадақтамай көр, ақыным.
Дұрыс шығар үнсіз қалған,
Жаудырсам ба сөз ақығын.
«Әр тас асыл, нұр сәулелі!—,
Деген сөз тұр бір ұшында,
Деп күйгізіп көрсе-ау мені,
Жалын бұққан бұрышында.
От жалыннан жоқ шапағат,
Деген есті сөзді ұққам мен.
«Тұл бойыңда жоқ мархабат,
Інжу-тасың көз қысқанмен».
Еркін әннің ерке сырлы саздары,
Осы құйттай кітапшада жиналған
Бар осында, жердің күллі наздары
Сыйғыза алмай әлем, ғарыш қиналған.
Кәрі уақыт мәйітшісі ғарыштың,
Бірақ ерке ән оған ерік бермейді.
Еркін саздар сөнбеу үшін жарысқын,
Шын махаббат — нағыз әндер өлмейді.