21.05.2023
  88


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Махаббат әліппесі

Махаббаттың әліппесі — шырын бал.
Кітаптардың төресі екен шынында.
Оқыдым мен әр бетіне зер салып,
Миллион бет — таусылмайтын мұңын да,
Тек, бес беттік ләззәт тұнған сырын да.
Айырылысу — бөлімдерге бөлінген.
Кездесулер үзіндімен берілген...
кіп-кішкентай тарауда.
Қайғының бір томы бар
Ұзақ-сонар бітпейтіндей көрінген,
Түсіндірме — беттері де терілген..,
Беу, Низами! Қасиетті сөздерің.
Айтар дейсің тек өзіңнен өзге кім?
Бұл түйінді шешетұғын кім екен? —
Ешкім де емес. Ғашықтардың өздері.





Пікір жазу