21.05.2023
  86


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Келесі жұп

Махаббат — күш, күш жоқ оған тең келер,
«Не пайда одан?» — деседі кей пенделер.
Бұл махаббат ақша да емес, билік те,
Ер жігітке дем береді тірлікте...
Болмай ма ой жүгіртпей-ақ сан-саққа.
Вамика мен Азраны алсақ та.
Кім түсінбес сезімдерін олардың,
Атын айтсаң, жанарларға толар мұң.
Хикаясын қайғылы бұл адыздың,
Білмейді әлем. Білсе, білсе — нағыз мұң...
Білмейді әлем, бірін-бірі сүйгенін,
Сүйгені үшін махаббатқа күйгенін.
Үндемелік. Қоспайық еш тосын жай,
Махаббаттың мән-жайы, дос, осындай...





Пікір жазу