21.05.2023
  86


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Өсиет

(1802)

Құлақ сап дос-жар, жарандар,
Жанымды жақын санаңдар.
Бүгінгі менің ойымды
Бүкпесіз сырға балаңдар.
Өкініші де көп өмірдің,
Күйініші де көп көңілдің
Көрсоқырлықтан таралған.
Адассақ, батсақ күнаға
Тазардық, төлеп сыбаға.
Құлшылық жолы тағы бар
Атадан қалған мұраға.
Табынсақ тәңір кеше ме?
Өкініш табы өше ме?
Құлдық ұр, медет сұра да!
Арманның бұлдыр сағымын,
Өмір деп жүрдік жаңылып.
Қадірін білмей шараптың
Қалдырдық ішпей жарымын.
Басылмас балаң сезіммен
Бал татып шие еріннен
Баспадық жанның жалынып.
Сезімсіз, ойсыз пенденің.
Бықсыған өсек — ермегін.
Тыңдаумен уақыт қор болды,
Құлаққа маза бермедік.
Балдәуренді ұшқыр баянсыз
Жоғалттық текке аяусыз.
Жоғалттық бәрін,
семді ерік.
Ниеттес, дәмдес туысқан.
Ездікпен жөн ғой шығысқан!
Тыңда әр кез ардың үкімін,
Арамдық одан жылысқан.
Бірігіп соқсын жүректер,
Біріксін ізгі тілектер —
Адаспас ниет ұғысқан.
Ақымақтардың бетінен
Қағайық, безсін шетінен.
Былғайық балдай шарабын.
У болып қапсың өтінен.
Есерлікті естен шығарып
Даңғойға салып бұғалық,
Аңсаған адал аруды
Көтеріп гүлдей шығалық!!!





Пікір жазу