21.05.2023
  97


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Таңғы шағым

(1788)

Айтшы маған, еркем менің,
Алдарқатпай көркіңмен,
Аз болды ма өртенгенім,
Неге тайдың сертіңнен?
Кеше ғана емес пе еді,
Айналаңа елеңдеп,
Айдарыңнан жел ескені:
«Таңға жуық келем!»—деп.
Халімді сол шақта менің,
Кім ұғыпты, білмегем!
Есігімді жаппап едім,
Ілгегін де ілмеп ем.
Түні бойы көз ілместен,
Жаттым санап уақытты,
Сол бір шақта, өзім кешкен
Кім түсінер бақытты.
Жанарым сол жұмылғанда,
Дәл төбемнен аңдып ай,
Көзіме ұйқы тығылғанда,
Тұрды-ау көңіл қалғымай.
Тіршілікті құшаққа алған
Айттым алғыс түнге де.
Тықырыңа ұсап қалған
Түрдім құлақ үнге де.
Ол да үмітпен жұтып балды,
Болса құштар азырақ,
Жатар ма еді күтіп таңды,
Жетпес пе еді қазір-ақ!
Мияуласа тыста мысық,
Шықса інінен тышқан ұшып,
Алағызып мен де көп,
Сықырласа едендерім,
Бәріне де елеңдедім,
Келіп қалған сен бе деп.
Heгe мұнша кешіккені?
Түсті жарық бар маңға.
Сықырлаған есік пе еді?
Келіп қалған қарғам ба?
Кінәлап таң қысқалығын,
Бір отырып, бір тұрамын,
Естілді ме тыста бір үн,
Есік жаққа ұмтыламын.
Бүлк етпейді, есік, тегі,
Кешіккені-ай, кешіккені!..
Неге сонша кешігіп ең?—
Атты әлемге ғашық таң.
Шықты көршім есігінен.
Жұмысына асыққан.
Айналаны гуіл басқан.
Салдырлап бір өтті арба,
Саудагерлер шуылдасқан
Саудаласып жоқ-барға.
Үй іші де тұрды біздің,
Көзімді құр сүзем де,
Қырсығынан құрбы қыздың
Үмітімді үзем бе?
Терезе.ме төнгенде кеп,
Құрып кеткір күн нұры,
Сыртқа шықтым мен де кенет,
Күте-күте құрбыны.
Әлі де ұзақ алаңдадым,
Шақтым барып баққа мұң.
Бақтан сені таба алмадым,
Таппадым-ау, таппадым!





Пікір жазу