21.05.2023
  135


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Түнгі ойлар

(1781)

Аяймын мен, жұлдыздар, бейбақ сендерді!
Жайнағанда сендерді мен сән көрем.
Теңізшіге төгесіңдер сәулеңді,
Рақым күтпеп құдайдан да пендеден.
Білмейсіңдер махаббатты мәңгіде!
Шел қуалап жүйткіп сендер кеттіңдер.
Түнгі көктің шексіз қиыр кеңіне,
Айқай, сендер, қанша сапар шектіңдер?
Жарымның мен құшағында жатқанда,
Ұмытам сендерді, ләззәтқа сол батқанда!





Пікір жазу