21.05.2023
89
Аңыз
(1776)
Қуғын монах жүрген қаңғып сап, құмда
Кездесіпті ешкіаяқ бір маймылға.
Фавн-маймыл сонда одан сұрапты:
«Көрсем деймін мен де рақат жұмақты,
Үй ішімді қосып мені дұғаңа,
Айтшы бізді көкке апар, деп хұдаңа».
Сонда әулие оған жауап қатыпты:
«Жоқ, мен үшін қауіпті бұл сұрағың,
Мен сен үшін дұға қылман, шырағым.
Кіре алмайсың жеті жәннат біріне,
Ешкіаяқ-ау, қарасайшы түріңе».
Деді Фавн, сөздің соңын тоспай-ақ:
«Жә, жарайды, мен болайын ешкіаяқ!
Жүр ғой жүр есекбастар талай мол,
Сол жұмаққа табады олар қалай жол?»