21.05.2023
  79


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жолаушының түнгі әні

(1776)

Тұрып сен, шыңда, беткейде,
Жер қайғысын жырлайсың
Екі есе қасірет шеккенге,
Екі есе медет сыйлайсың!
Қажыдым аума жалғаннан,
Шаттық, мұң — кезек кеудемде.
Ақ жүрек дүние, сол арман,
Аймала мені тез кел де!





Пікір жазу