21.05.2023
  74


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Сот алдында

(1775—1776)

«Кім екенін мен сендерге айтпаймын,
Қалсам да одан жүкті боп»:
«Түуһ, салдақы-ай!...»—
Өйтіп жала
жаппаңдар:
Жазығым менің тіпті жоқ.
Айтпаймын мен ғашығымның атын да,
Пейілі қандай, мейірі,
Жыртық қалпақ болсын тіпті басында,
Алтын бау тақсын, мейілі.
Төземін азап, мазаққа,
Мойындап бәрін, шыдаймын.
Мен оны білем, ал — мені,
Біледі өзі құдайдың.
Поп, саған айтам; сот, саған:
Өз балам — өзім туамын!
Күнаһарсың деп оттаған
Сендерге осы-ақ жауабым.





Пікір жазу