21.05.2023
91
Құрыған діңке
(1775)
Еңіреймін өксіп, егілем,
Көз жастан мауқым басылмай;
Ләззат-ау, қайтем сені мен —
Өтем бе көңіл ашылмай?
Қайғыдан қажып түңілдім,
Көз ілмей көп түн безердім.
Жүрек-ау, сен де тіліндің,
Ерін-ай, шөлдеп кезердің.
Жазғырдың неге, құдайым,
Жалына білмес мені көп?
Қасірет, қайғы, уайым —
Шегі жоқ, шегі, шегі жоқ.