21.05.2023
  120


Автор: Нұрлан имам Байжігітұлы

Қарыздан қалай құтыламын?

Бүгінде «қарыз» сөзін жиі естиміз. Әйтеуір, біреу біреуге, біреу бізге қарыз болған дәуірдеміз. Жалпы, қарыз шама келгенше ашатын есік емес. Лұқпан әкім бабамыздың «Дүниеде ең ауыр жүктер көтердім, бірақ біреуге қарыз болудан артық жүк жоқ екен» деген сөзі осыны дәлелдегендей. Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз өзіне және үмбетіне біреуге қарыз болып қалудан, дұшпанға тәуелді болудан және әбиірсіз қалудан Алладан өте көп пана сұраған. «Аллаһума инни ағузу бикә минәл мә-сам уәл мағрам». Сонда бір сахаба «Осы қарыз болып қалудан неліктен көп пана сұрайсыз?» деп сұрағанда, «Адам қарызға батып қалса, онда ол өтірік сөйлейді. Уәде берсе, уәдесінде тұрмайды» дегені бар. Ал, бұл екі белгі екі жүзділікті көрсетеді.

Шынайы бақыттылық өмірінде қарыз болмау, күпірлік қылмау, біреуге қиянат етпеуді қамтиды. Ғұламалар «Қарыздан абай болыңдар, оның басы уайым, аяғы жанжал» деп ескертеді. Қарыз есігін ашқан адамға кедейліктің есігі қоса ашылғандай.


 



 


 





Пікір жазу