Қойшысымен кеңесетін патша
Бір патша өзінің уәзірлерімен емес, үнемі бір қойшысымен ғана кеңеседі екен. Патшаның бұл ісін уәзірлері жақтырмайтын. Сондығынан болар, бір күні патша уәзірлері мен қойшысын сынға алыпты. Бәрін жиып алып, қолдарына бір-бірден алтын ұстатып, оны ортадағы жанған отқа тастауды бұйырады.
Сонда, уәзірлер арасынан тек қойшы ғана алтынды отқа ойланбастан лақтырады. Бұл ісін көрген уәзірлер қойшыны мысқылдап «Алтынның қадірін қойшы қайдан білсін?» депті. Қойшы болса, «Бұл алтыннан маған патшамның әмірі артық» деп, бәрінің мысын басыпты.
Келесі күні патшаның келесі сынағы болып, бәріне шикі алма беріледі. Бұл алманың шикілігіне тістері батпаған әрі ешқашан шикі алма жемеген уәзірлері оны лақтыра бастайды. Ал қойшы болса, алманың шикілігіне қарамастан, оны құмарлана жепті. Уәзірлері болса «Бишара, алма көрмеген қойшы ғой» деп, тағы мысқылдапты.
Сонда қойшы «Ардақты хан ием! Сіз әрдайым маған піскен де тәтті алма бересіз. Ал бүгін бір рет болса да шикі алма бердіңіз. Мен оның шикілігіне қарап, жемей тастасам, сізге деген құрметім жойылып, қанағаттықтан кетпеймін бе?» деп, тағы да бәрінің мысын басқан екен.
?Міне, осы мысалдағы патша Жаратқан Алла. Ал уәзірлер мен қойшы қанағатты және қанағатсыз пенделер.