Қос тағдыр - 2 бөлім
Қасындағы бөлмелес группалас қыз Айдана да қаланың ақ саусақ қыздарының бірі. Ауылдық екі құрбы қыздар алғашында Айдана мен онша тіл табыса қоймаған мен кейіннен жақын аралас-құралас болып кетті. Айдана оларды қаланың тіршілігіне бейімдеп, бірте бірте қыздардың жүріс-тұрыстары өзгеріп сала берді. Етек жеңдері ақырын-ақырын, тізеден асар-аспас болып қысқарды. Заманға еліктеймін деп жаманға еліктеп жүргенін олар қайдан білсін?! Оқуда озат қыздар сессияда білімнің кәдеге жарамай қаларын, бәрін көк қағаз шешерін білмес еді. Сессияның соңы көк қағазға келіп тірелгенде, екеуі де абдырап қалды. Мысық пен тышқан ұқсап мұғалімдердің соңынан қанша жүгірседе, баға қойып берер ойлары жоқ.
Олардың көкейін тесіп тұрған көк қағаз екенін білсе де, бұл қыздарды әр қайсысына берер ақшалары жоқ еді. Ауылдағы мал, егін шаруашылығы мен айналысатын әке - шешесінің онсыз да жағдайлары мәз емес. Қос құрбы сабақтан соң, жұмыс іздеп шығып, дәмханаға даяшы болып жұмысқа орналасты. Әйтеуір шапқылап жүріп сессиясын жапса да, күнделікті қалталарына аз маз ақша түсіп үйренген екеуі жұмыстарын тоқтатпай жалғастыра берді.Артылған ақшаға, қыдырып, сырттан тамақтанып, қалалық адамдардай күн кешіп жүрді.