18.05.2023
  319


Автор: Әсерлі әңгімелер

Қос тағдыр - 13 бөлім

Жалмауызғада жан керек деген осы болар. Байдың ерке тотай жігіті әлгі белгісіз әйелмен сөйлесіп тұр. Екеуінің келісе алмай тұрғаны айдан анық көрініп тұр. Бір кезде әйтеуір жігіт жақсы жаңалық пен оралды. Төртеуі бірге бұл мекеннен алыстап кетті.

- Міне бұл әрекеттерің жігітке тән. Қыздың арын таптауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл сендерге сабақ болсын.

- Сендер әлі- ақ жазаларыңды тартасыңдар. Ауылдағы хабар ошақсыз бізді уайымдап қайғыдан қан жұтып отырған әке - шешеміздің көз жасы, біздің көз жасымыз сендерді жібере қоймасы анық.

- Сендерді қарғыс атсын. Алла жолына салдық.

- Ааа, айтқандай заттарымызды алып бергендеріңіз үшін көп рақмет.

Қос құрбы құтылғандарына қуана, бірден ауылына жол тарту үшін Ұлжалғас ұялы телефонын сатты. Өздері әлі күнге дейін нағыз құрбы санап жүрген Айдана мен қоштасып кеткенді жөн көріп оған жолықты. Бар бастан өткергендерін баяндап берді. Айданада олар мен қосыла еңкілдеп жылап алды. Түн ортасы таңнын атқанын күткісі келмеген қос құрбы, ата - ана туған туыспен қауышуға асығып таксиге отырды. Көздегендері ауылдағы ағайынға тезірек жетіп, өзгелерге әлгі тозақ мекен жайлы жеткізіп құлдықта отырған қыздарды құтқару болатын. Өздерінің шамасы келмесін біліп өзгелердің көмегіне жүгінгенді жөн көрді. Түн ортасы таксиде жандарын шүберекке түйіп келе жатты. Қаладан шыққан соң көлік бұзылып, жүргізуші оларды басқа көлікке салып жіберді. Бұл екі қыз қорыққандықтан алғашқы таксиге мінгенде Гүлдананың телефоны мен, көліктің номерін, бұзылып басқа көлікке отырғандарын құрбысы Айданаға қоңырау шалып айтқан болатын. Бірақ екінші көліктің номерін көре алмады. Онсызда өмірлерін ойран еткені үшін жаны азапталып жүрген Айдана олардың аман есен өз үйлеріне жетуін Құдайдан тілеп отырды. Гүлданаға хабарласып еді телефоны сөндірулі. Үрейге бой алдырып жанын қоярға жай таба алар емес. Қайта қайта қоңырау соғып жатыр сөндірулі телефон қайта қосылмады.


 


Ақымақ адамдай түні бойы ары бері жүріп бір көз ілмеді. Араға екі күн өтіп қос құрбыны іздеуге бүкіл Алматы кірісті. Полиция қызметкерлері, ерікті қаншама жастар. Бір апта өтіп айдаладан екі қыздың өлі денесі табылды. Екі қыздың өліміне себепкер болған Айдана есінен алжаса жаздады. Қос құрбыны ең соңғы болып көрген сол болғандықтан тергеуге алынып, шыдай алмай бар шындықты баяндап берді. Сол сәтте ақ әлгі жердегі жөзекшелер мен олардың жеңгетайы тұтқынға алынды. Байдың ерке балалары әлгі екі жігіт пен Анель сол күйі жазасыз қалды. Алғашқы отырған таксист жігітте өзінің кінәсіз екенін, көлігі бұзылып оларды басқа көлікке мініп кеткенін дәлелдеп жазадан босатылды. Алайда екінші мінген көліктері де, жүргізуші де, өлтірген қанішер де сол күйі табылмады. Сол күннен бері Айдана күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылды. Қыздарын диплом мен күткен ауылдастары, табыт пен қос қыздың мәйітін күтіп алды. Кінәлілер мына өмірде жазасыз қалғанмен Алла тағала жазасыз қалдырмасы хақ. Қос тағдыр, қос құрбының күлі көкке ұшты.

Бұл оқиғаның орын алғанына он төрт жылдай уақыт өтіпті. Баяндап берген аты өзгертілген кейіпкер Айдана. Жан азабы, ар азабы әлі күнге дейін маза бермей жатқан көрінеді. Оған қарсы жаман пікір жазбауларыңызды сұраймын. Анель жол апатынан сол оқиға орын алған соң көп ұзамай қаза болыпты. Бұл оған берілген жаза ма, әлде жай сәйкестік пе белгісіз?





Пікір жазу