Қос тағдыр - 10 бөлім
- Ей қыз, мұның не? Тез жібер бізді. Әйтпесе...
⠀
- Әйтпесе не істейсің? Кәне көрсет өнеріңді.
⠀
Ұлжалғас дәу денелі қызға қарай қол көтермек болып еді, әлгі дәу қыз Ұлжалғастың тамағынан қысып буындырып өлтіруге сәл қалды.
- Әлін білмеген әлек, деген. Мына қыздардың бәрі менің бұйрығым мен отырып тұрады. Сендер де маған бағынышты боласыңдар. Бағынбасаңдар сендерге тозақтың азабы қалай боларын көрсетемін.
⠀
Қос құрбы өздерінің қандай тозаққа тап болғанын түсінгендей болды.
- Сендердің бұларың не? Ардан бездіңдер ме? Әке-шеше, аға, әпке туған - туыстарың жоқ па? Қыз баланың ең қымбат құндылығы ары емес пе? "Жанымды алсаң да, арыма кір келтірме!"- дейтін ұғымды ұстанатын Қазақ қыздары емеспіз бе?
Бәріміз " Мен Қазақ қызымын " деген үлкен атқа лайықпыз ба?" деген сауал қойып көрейікші.
Қазақта қыз баласы ұяң да инабатты, сыпайы болған.
Ер адамға тік қарамаған.
Жүріс-тұрысы салмақты болып, сызылып, сыпайы қозғалған.
Орынсыз жыртыңдап, күлмеген.
Ешкімнің сөзін бөлмеген.
Етегі ұзын, кең көйлек киген. Басында тақия не бөркі болған.
Жөнсіз, әдепсіз сөйлемеген.
Кісінің алдын кесіп өтпеген.
Дауыс көтермей, бәсең дауыспен сөйлеген.
Кешкілік жалғыз жүрмеген.
Басқаларға қол тигізбеген және кісіні болсын, жануарды болсын теппеген.
Суық жүріс, сумаң қылыққа бармаған;
Өтірік, өсек айтпаған.
Адамға қарап есінеп не керілмеген.
Талтайып отырмаған.
Тамақты асап жемеген.
Бұраңдап, қылымсымаған.
Біреудің алдында киім ауыстырмаған.
Салт-дәстүрден аттамаған.
Ешкімді ғайбаттамаған.
Ішімдік ішпеген, шылым шекпеген.
Тәкаппарлыққа жол бермеген.
Үлкен-кішіні сыйлаған.
Шектен тыс боянбаған