Қос тағдыр - 4 бөлім
Қос құрбы күн өткен сайын көктемгі масатыдай құлпырған гүлдердей, жайнап, жүздері нұрлана түсті. Лапылдап жанып, лақылдап тасып, жарқылдап күліп, тотыдай таранған күлімкөз, ару қыздарды көргенде, жігіт атаулының бәрі түгел көздерін ала алмай қалатын. Ешкімнің жігерін жасытпай, көңілін қалдырмай, ешкімнің алдын кес-кестемей, кездескен қиындықты өздері ғана еңсеріп, қателігін өздері ғана түзетіп, кеңдігіне тереңдігі сай болып жүрген, ақкөңіл арулардың, көреалмас дұшпандарының болары ақиқат. " Ауызы қисық болсада байдың баласы сөйлесін "-дейтін заманда өмір сүріп келе жатқандықтан, бұл жағдай ЖОО орнының студенті, Шенеуніктің шіренген… кісімсіген мінезді, бай әкенің дәулетіне шалқыған ерке бойжеткен Анельге ұнай қоймады. Жігіт атаулыны артынан күшікше жүгіртетін "байханша "-атанған Анель қос құрбыға шүйлігіп алды. Өйткені оған назар аударар жігіт жоқ. Кісіге жақсылық жасауға бейім, жапа шексе – көбіне адалдықтан, аңқаулықтан жапа шегеді. Жан баласына жамандық тілемейді. Ешкімге залалы жоқ, шуағы мол. Еңбекқор, көп оқып, көп тоқитын. Біреулер секілді көкірек керіп, дауыс көтеріп те жатпайтын, кішіпейіл, кілтін тауып сөйлете алсаң Жүрекпен тербеп сөйлейтін қос құрбының маңына, жемге келген құстардай жігіт те, қызда жинала қалатын. Бұл көрініс Анельдің одан әрі ашу -ызасын күшейте түсті.