18.05.2023
  214


Автор: Тұрсын Елеусізұлы

Теледидар саңқылдап

Теледидар саңқылдап,
Үйрекке тіл бітірді.
Қара қарға қарқылдап,
Сөйлеп кетті біртүрлі.
Абыржымай, қаймықпай,
Торғай сайрап тіл қатты.
Ал бөдене жалықпай
Шешті қиын жұмбақты.
Кенет көлге қаз қонып,
Басты қоңыр әніне.
Ақтан отыр мәз болып,
«Сөйледі, – деп, – бәрі де!»





Пікір жазу