Ана тілім - ғажап тіл
Тіл-мәдениетпен тығыз байланыста болатын оның ажырамас бөлігі. Тіл-дүниені этникалық жағынан тануды өзіндік ерекшелікпен көрсетеді. Тіл-мәдениеттің қажымас іргетасы. Бүкіл әлемнің ұлттық бейнесі,мәдениеті,салт-дәстүрлері ұрпақтарға тіл арқылы беріледі. Біз тілімізді, дінімізді әрдайым құрметтей білуіміз қажет.Бұл біздің борышымыз деп білемін.Біз қазіргі қоғамда ана тілімізді құрметтей аламыз ба,оны дәріптей аламыз ба?
Біз әдетте адамдарды оның сөйлеу мәнеріне қарап, тіліне қарап жақсы танып ала аламыз.Тіл ұлтымыздың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда әр адам өзінің қалаған тілімен сөйлейді. Оған ешкім де қарсы емес. Дегенмен туған тіліміз қазақ тілінде сөйлейтін болсақ, өзге елге үлгі болып, өз елімізде бақытты болатын едік.Қазіргі таңда кейбір жастарымыз қазақ бола тұра, өз тілдерін білмейді. Оған не себеп? Өз туған тілін білмей орыстанып кеткендер қаншама. Әрине, барлығы емес,көпке топырақ шашпаймын дегенмен көбісі орыс тілінде сөйлеп, ана тілдерін ұмыт қылып жатыр. Менің жеке пікірім бойынша, біз өз ұлтымызды, өз тілімізді сақтамасақ, қазақ аты жойылып кетуі ғажап емес. Ұлттық мұраны қалыптастыра отырып, өз болашағымыз үшін, қазақ елінің болашағы үшін өз ана тілімізде сөйлеуіміз керек.Негізі, қазіргі таңда да өз туған тілімізді ардақтап,сыйлап,құрметтеп жүрген жандар қаншама.Сондай ардақты жандарды көрсем,қатты қуанамын.Сол сияқты ана тілімізді құрметтейтін, өзге елге насихаттай алатын, құдіреттілігін түсіндіре алатын жандардың көп болғанын қалаймын. Халықтың жүрегі оның тілі, ал тілі жоғалса халқы да құлдырай бастайды. Сол себептен, тілімізді ардақтай білейік. Қазақ атауына,қазақ тіліне ежелгі кезден, намыс жігері мол, қайратты, ер жігерді ата бабаларымыз жол салып кеткен. Сол жолды кірлетпей, болашаққа жеткізу ол жас ұрпақтың,яғни өзіміздің қолымызда екенін ұмытпайық.
Төлеуханқызы Бұлбұл