Ұстазға құрмет - біздің міндет
Қай заманда болмасын халқымыз ұстаз деген ұлы есімді ардақтаумен келеді. Қоғамда ұстаздардың өзіндік алар орны ерекше. Дүниедегі мамандық атаулының ең жоғарғы төресі-ұстаздық ету. Ұстаз-шәкірттің сана-сезіміне өзінің өмір жолынан жинаған білім нәрін сіңіреді, оны қолдану кезінде көмектеседі, қолдайды. Болашақ ұрпақтардың саналы түрде ойлап,қалыптасуын бақылайды. Елімізге қажетті барлық мамандықтар осы ұлы тұлғалардың алдынан өтті. Ұстаз деген ұлы есімді кішкентай кезімізден бастап құрметтеп келеміз,әрі қарай да одан жоғары болмаса,кем болмасы анық.
Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім білімі мен өнегесі оқушының болашақ азығы болып табылады. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған жас шәкірт өмір жолында мойымай күресіп, болашақта бағытынан таймасы белгілі. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Одар салып берген сара жолмен ханда, бала да жүреді. Еліміз гүлденіп,халқымыз көтеріліп жатқан сәтте-оны ары қарай алып кету үшін жас ұрпаққа білім негіздері мен тәрбие көздері қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда ынтымақтастыққа бастар жолдың бастауы мектеп болса, мектептің басты тұлғасы-мұғалім. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Білім деңгейін тек мұғалім ғана көтере алары анық. Ал енді осы орайда айтарым,-Ел болашағына нақты қадам салып берген ұстаздарымызға мың алғыс. Оларсыз күнімізді елестету мүмкін емес. Құрметті ұстаздар қауымы,мен оқушы ретінде сіздерге шексіз алғысымды айтқым келеді. Ұстазсыз болашағымыз бұлыңғыр. Сол себептен сіздерге,шығармашылық табыс пен биік асулар тілеймін. Өмір жолында қажымас қайрат пен игі басталамар тілеймін.