Шын бақыт
Тойсыз өмір өмір ме?
Семіріп, толып, өлдік қой!
Əнсіз өмір өмір ме?
Секіріп, билеп, болдық қой!
Аман-сау жүргенің бақыт қой,
Ұмытпа еріп жаманға.
Ойын-сауығың алданыш қой,
Жаңылма еріп тобырға.
Дәурен оған езуін тартып,
Бақытты сәті келгендей.
Дүние оған жылмың қағып,
Шын бақытқа жеткендей.
Не десең егер шын бақыт,
Жеткізер жол жаннатқа.
Соғыссыз бейбіт заманның,
Қадірін ұға алдық па?
Шын иманды қиялмен таппас,
Құран арқылы ғылыммен табар.
Ғылыммен тапқаны ақиқат болса,
Ақиқат іштен нұр болып жауар.
Исламның да тазасы бар,
Ақыл жүрекпен тапқаның.
Пайда берсе сенімің саған,
Бақытты қылар салғаның.
Қараңғыда жалғыз қалмассың,
Жарықты іштей жаға алсаң.
Бақытсыз болып қалмассың,
Бақытты іштей баға алсаң.
Құран түсінсең кешпейсің баз,
Тағдыр — тәрбие, Алла — ұстаз.
Осы үшеуін танып болсаң,
Іші-сыртын таза ұстайтын,
Құдайға тартқан, боласың мұнтаз.