16.05.2023
  108


Автор: Нарша Булгакбаев

Ықылас

Ықылас түссе ғылымға,
Ойлануға бейім болар.
Пайдалы білім алуға,
Ой еңбегі қымбат болар.

Ықылас түссе иманға,
Жүзі оның нұрға толар.
Махабат болса Құдайға,
Ісі оның адал болар.

Жан жарығы бәрін де,
Білемін деп талпынар.
Жан құмары бәрін де,
Жеңемін деп құлшынар.

Алайда шайтан бәрін де,
Сенен артық біледі.
Жаныңды зерттеп көрді де,
Әлсіз жеріңді тереді.

Құран беті ашылса,
Арам беті жабылса.
Арқадан жүк арылар,
Намазына асықса.

Ұлы Иеміз ескерткен:
Дүниеге оралма,
Түнекте сен қамалма,
Барыңды да бағала,
Жүрегіңді тазала!





Пікір жазу