15.05.2023
  100


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Амур – суреткер

Биік жартас төрде отырмын мен таң ата,
Қызыға қарап сәрілеп атқан таңда, тұманға,
Қызыл, қоңыр түрлі түске боянып,
Ұзына бойы созыла кең далаға тараған.
Жас бала жаныма келіп үн қатты:
«Сен өзі қандай жансың, қадірменді достым,
Неге құр бос сурет салатын кенепке көз тігесің?
Жоқ әлде, жоғалған ба шабытыңмен бірге
бояу жаққыш, бояуларың?»
Жас балаға қарап мен ойладым:
«Қарашы, маған ұстаздың табыла қалғанын!»–деп.
«Құр бекер көңілсіз отыра бергеннен пайда жоқ,
Қалауың болса, мен сурет салып берейін,
Суреттің қалай салынатынын үйретейін бе?»–деді бала.
Сөйтті де, сол замат шебер саусағымен,
Раушан гүліне ұқсатып ақшыл-қызыл түсті
Кенеп бетіне жылдам түрде жүгіртіп,
Саусағымен ол сала бастады.
Ең биік төріне ол шағыла жарқырап
Жанып тұрған күнді салды,
Аппақ бұлттарды, айналасын алтынға бояп,
Оны жарып шыққан нұр сәулесін шашырата әшекейледі;
Орманды салып, бұтақтарын да жайқалта салды,
Ал, орманның еркін, кең даласы төбе-төбе жайылып жатты.
Сурет әсем сусыз қызықты болған ба –
Таудан сарқырап аққан бұлақ суын керемет өрнектеп,
Күннің нұр сәулесін су бетіне жарқырата түсіріп,
Бұлақ судың толқындары құм жағалауын жараса соғып тұр.
Өзеннің арғы жағасында алқызыл, көк-жасыл, алтын-сары
Түрлі түстердегі гүлдерге оранып, асыл-гәуһар тастарға боянған.
Ал, бәрінің үстінде – керемет көкшіл түсті күмбезделген көк аспан,
Алыстарда – көкпеңбек көк таулар.
Мен бірде суреткерге, бірде керемет суретке қараумен болдым.
«Міне,сен енді көрдің ғой, бұл жұмыста мен бір нәрсені білетіндеймін,
Енді ең қиынымен айналысуымыз керек» – деді де,
Бар ынта-ықыласын салып, шебер саусағымен орманның жағасына,
Күннің жарық сәулесі күмілжіп түсіп тұрған көк майса шалғын бетіне,
Сұлу-ару бойжеткен бақташы қыздың суретін түсірді,
Мұнтаздай таза, қарапайым да сәнді көйлекте, көзі маржан көк түсті,
Беті қызғылт шырайлы, нұр жүзі-раушан гүліндей, бәрін де өнерлі
Саусағымен ғажайып туындыны жаратты.
«О, балақан! Осындай керемет, ғажайып суреттерді салуда қайдан, қай
Ұстадан үйренгенсің?» – деп мен таң қала сұрадым.
Мен сөзімді айтар айтпастан, ағаштар бұталарымен қозғала теңселіп,
Самал жел суды толқыта көтеріп, бақташы қыздың бұйралы шашы
Желбіреп, сөйтті де, – о, мен таң қалдым! – бойжеткен бұрыла қарап,
Оқытушыммен екеуміз отырған жартасқа қарай бет алды.
Сонан кейін бәрі де, бәрі де қимылға енді, – ауа, толқындар,
жапырақтар, өрімдеп өрілген қолаң шаш, бойжеткен ару – о, құдайым!
– Мен жартастардың үстінде тастай қатып, қимылсыз отыра алмадым!

1787


 





Пікір жазу