15.05.2023
  76


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Фридерике Брион ханымға

Оянғын, шығыстың ақ таңы!
Сенің жарық күндей жарқырап,
Қадала қарағаның,
Түннің көлеңкесін таратқандай.
Қарашы, құстар жараса ән салып тұр!
Бойжеткен аруларды оятқандай.
Әндете: «Ояныңдар ұйқыдан!» – деп,
Біргелесіп әнге қосар.
Сен сөзіңде тұрмайсың-ау, байқасам,
Мен әлдеқашан тұрғанмын.
Оянсаңшы енді, ұят емес пе!
Терезені ашқын!
Шу! Филомела үнсіз!
Жігітім, сенің ұйқыңды бұзып,
Тынышсыздығыңды алмастан
Түніменен мұңға батты.
Бірақ та шығыста да қуаныш:
Міне, таңның нұр жарығы
Сенің бетіңнен үпкендей,
О, қарашы!
Жо-жоқ, сен ұйқыда жатқан
Бойжеткен аруды қалап қалып,
Түсіңде қайта-қайта көріп –
Жарық күннен де тәтті көрдің.
Сен ұйықтап жаттың!
Ұрлана байқап қарасам,
Сенің ұйқың тып-тыныш.
Тәтті, аянышты көз жасыңнан
Мен естен таныдым.
Кімдер тып-тыныш, өткізер күндерін,
Кімдер ақымақ болар!
Мүмкін, қадірсіз болғандардың
Рухы да биік болмас!
Тәтті түс көріп,
Сен ұйықтап жаттың! –
О, қандай бақыт! – сол бір жан,
Кім осында, қыдырып,
Сағыныштан, ән-күйді аңсап,
Бірде қызарып, бірде бозарып,
Түнімен ұйқысыз күндерді өткеріп,
Қаны оның кейде мұзға айналып,
Қайнаған кейде қайтадан.
Сен ұйықтап қалғаныңды мойындайсың,
Бұлбұлдың жылағанын,
Жазаңды алып енді таңдағын,
Менің саған арнаған өлеңімді!
Арнайы арнап салынған
Қамаудан мен құтылдым.
Сұлу бикеш! Камена!
Менің үнімді тыңдағын!

1771





Пікір жазу