15.05.2023
234
Купидо, шәлкес те өткір бала
Купидо, шәлкес те өткір бала,
Бірнеше сағатқа сен тыныштық тілеп едің.
Бірақ та қаншама күн, түн тоқтап мұнда,
Бүгінде осы үйдің иесіндей күйге жеттің.
Кең жайлау төсегімнен сен мені қуып тастап,
Міне енді, бүрісіп, дөңбекшіп жерде отырмын.
Келген кезден өзіңнің көз жанарыңды салып,
Сақтаулы қысқы отыңды жағасың сен,
Мен де содан жылынам.
Бар ыдыстарды сен орындарынан қозғап, жылжыт
Іздейсің,
Ал, өзі болса көр соқырдай жынданған;
Аяусыз сен топалаңын шығарасың;
Көңілім күйбең, мен қорқамын,
Қашып та кеткім келеді,
Басым ауған жаққа сенен қашып,
Үй бос қалар, бірақ та.
1787