15.05.2023
403
Ғарыш пен жердің байланысы
Ертедегі бір заманда мынадай жағдай болыпты.
Ерсін мен Гүлімжан көшеде асық ойнап жүрген болатын,кенет аспанды қара бұлт торлап,күн суытты.Екеуі де үйге кіріп кетті.Ойындары қанбаған ба,әйтеуір аюдың терісіндей қылып күртешелерін киіп шығыпты.Олар шыққан сәтте найзағай кісінеп тұрған тұлпардай шарқ-шұрқ ете қалды.Олар бұл құбылыстың хан талапайды тоқтатуға себеп бола алмайтын бір-бірінің көздеріне қарағанда-ақ біле қойды.Содан олар ойынды жалғастыра кетті.Гүлімжан қорғасын құйылған сақасын ала бергенде Ерсін тұтқиылдан тұтатып сұрағын қояды.
-Гүлімжан,қалай ойлайсың,осы жаңбыр,найзағай мен оның дауысы қалай пайда болып жатыр ?
Сақасын лақтырып үлгермеген Гүлімжан,
"Менің бір аңызды естігенім бар еді,сол аңызда осы құбылыстар жайлы айтылады"-деп сөзін жалғастырып жатқанда,Ерсін,"оны қайдан естідің,кім айтты?Айтып берші"-деп сөзге оралады.
-Оны маған Жарылқасын ата айтып берген еді,соны саған айтып берейін.Сен құлақ салып тыңда"-деп аңызын дәл Жарылқасын атасы секілді айта бастайды.
"Біздің өмір сүріп жатқан ғаламшар-Жер ғаламшары,бұл ғаламшардан бөлек басқа да ғаламшарлар бар.Біздің көріп жатқан жаңбыр,найзағай мен оның дауысы екі басқа ғаламшарлардың қақтығысынан болады.Екі ғаламшардың біреуі екіншісіне соққы жұмсағанда соның әсерінен шақпақ шығып,дауысы бізге жаңғырып естіледі екен.Сол соққыға шыдас бере алмаған екінші ғаламшар көзіне жас алып,сәбидей жылайды екен,сол көз жасы бізге жаңбыр болып түседі.Түсінуге жеңіл болды ма, Ерсін?"-деп аңызын аяқтайды.Ерсін әлемнің жеті кереметінің бірін көргендей, қуанышы қойнына сыймай мәз болып қалады.Осы аңызды Гүлімжан айтып боламын дегенше жаңбыр қатты жауып, шелектеп төге бастайды.Екеуі ойыннан қайтпас па еді,бірақ атасы мен әжесі оларды кешкі асқа шақырып алды.
© Утельбай Қалбибі
Әңгіменің жанры: фантастика
0+