14.05.2023
  130


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Әлемнің ықыласы

Қасиетті ұлан-асыр тойдан кетіп,
Жан жаққа шуақтанып шашылыңдар.
Жалған өмірді жалғап,
Алып жолдар, кеңістікті жарып өтіп,
Әлемді түгел толтырыңдар!
Сендер – Құдіреттімнің ұйқылы-ояу
Шарықтап ұшып шексіз кең байтақ жұлдыздар арасында,
Жарық сәулесі түсіп, жарқырап ерекше бір,
Бірге қосыла, үндесе жанып тұрар.
Жоғары шың тұңғиығында мәңгілікке қалу үшін,
Сендер алып-ұшып, алып жарық жұлдыздар,
Ойнақтап, күн мен жердің ортасында,
Жолдарың да бірге тоғысар.
Риясыз ілімсіз жасырынып, ойнақтап,
Бар жаратылыс бір қалыпта тербетіліп,
Мәңгілік ғұмыр жасаған.
Сендер жанды кеңістікке шын ниетпен,
Түрлі-түсті бас киімдер тігесіңдер,
Қазына қоймасына терең сүңгіп,
Жартастарға да беріктілік қасиет бересіңдер.
Өзін биік көрсету үшін,
Құдіреттімнің бар күшін сарқа жұмсап,
Батырлық жолында алға ұмтылып;
Шаң-тозаңда – өмір,
Тұрақсыз құнарсыз сызда,
Гүлденуге дайын тұрар.
Сүйіспеншілікпен ығыстырып,
Дымқыл түнек қараңғылық, қапас, қоңырсықты,
Тек алға зымырап барасыңдар;
Алыстарда, жәннәттің түрлі түсті көркем суретінде,
Сиректеніп жанып тұрар.
Жарық шырақты көру үшін,
Еркін ұйқыда жатар,
Небір ала-құлалы мақұлұқтар;
Сендер қуаныштың шыңында,
Бақытты кең далада,
Ең бірінші жұптарсыңдар.
Махаббаттың лаулап жанған от-шоғын,
Бір-біріне сағына қарап көздер сөндірер.
Өмірдің мол тола ырызғысына тоймастан,
Әрбір жан және де қайталаумен
– Оған кері қайта оралар.

1802





Пікір жазу