Өрескел де болса, орынды
Ия, поэзия неткен қатыгез!
Не затымды, құмарлығымды, шіркін,
жоғалттым?
Бойымда қаным қайнап тұрғанда,
Әрбір сағатымды қымбат бағалап,
Өте қарапайым жан болар едім өмірде,
Ия, қарапайым сенен де.
Сұлуың болса жаныңда, ол рас,
Болмас реніш өмірде!
Кішіпейілді де, қарапайым болғын әрқашан,
Өр мінездіні – қалайша сүйерсің?
Сабырлықпен тыңдап данышпанды,
Заманның бар сиқырларын,
Білетін ол о бастан бәрін де.
Ия, поэзия неткен қатыгез!
Бірге екеуміз ойнап-күліп,
Құрбы-құрдастарымызды
Кешігіп жанымызға шақырамыз.
Сен ғой! Молда сауатсыз!
Сонша неге қорқытасың!
Беті жүзің демей аяусыз көгертіп,
Кәрияны төбелеп те аларсың!
Бәрің де оңбағансыңдар! –
Себебі сендейлерден, өткен істеріңнен –
Есепсіз мен қашуменен,
Неше етігімді тоздырдым.
Егер де сөзімнің майы аз десең,
Ұстазым, өлең-жырды тудыршы!
Сенің сөзіңді ұққан жандар –
Бәрін де ұғар.