14.05.2023
  111


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бүгінімде – өткендерім

Бау-бақша таң шуағымен
Раушан гүлдері нұрланып,
Тұр бірлесе гүлдеп жайқалып.
Әріректе – тып-тыныш ұйқыда жатыр,
Қатпар-қатпар болған,
Бұралаңдаған кәрі жартас.
Құлпытас шыңдары биіктенген,
Бірте-бірте төмендеп келіп,
Кең далаға жалғасқан.
Хош иісі құлпырып,
Баурайында жайқалып тұр қалың орман,
Біздің жастық шағымызды,
Махаббаты мол күндерді еске салып,
Менің жолымды кес-кестеп қуып соңымнан,
Қырағы көзімен қадала қарап жарысқандай.
Тыныштықты әсте бұза жарып,
Бұлбұл құстар ән шырқайды,
Бар жаңалықты, жаңа сергектікті қайталап,
Жүрек қуана-қуана, қабылдайды.
Өтсе де жылдар, қалың орман қартаймаған,
Сендер де енді ешбір қартаймаңдар,
Өздеріңнен кейін өсіп келе жатқан,
Жастарға өмір тілеңіздер.
Сонда сіздерді «Өзім деген» бір жан да қапа етпес.
Әрбір өмір жасыңызда сізге берер,
Бақ-дәулетті, бақытты, дана ғұмыр.
Күн батты, дегенмен де, бар сеніммен,
Мен Ғафиздің сөзін жұртыма айтам.
Өмірдің бар қызығына, қуанышына
Еш тоймастан, шексіз өмірімізді сүйеміз біз.

1815





Пікір жазу