Әкесінің жаназасында үйленген жігіт - 5 бөлім
Мадияр көрінген адамнан ұлын қызғыштай қорғап жүрді. Мақсаттың араласар досы жоқ. Әкесінің шектеуі күннен күнге көбейе берді. Бала түгілі ішкі жан дүниесіндегі аласапыранды ақтарып жайып салар Мадиярдыңда жанына жақын ешкім жоқтай. Күйзеліске түскен әке байғұс жынданудың алдында жүр. Кей кездері жасырын ғана марқұм әйелінің суретімен тілдесіп көз жасын бір сығып алады. Қайын жұрты өз рұқсаттарын берсе де қайта үйленуді өзі қаламай қырсығып жүр. Анасы баласын бұл жүрісіне күйініп жүрегі ауырып жүрсе де Мадияр ешкімді тыңдамайды.
- Балам, менің жағдайымды көріп жүрсің. Денсаулығым сыр беріп жүр. Жалғыздығың жаныма батып барады. Армандап кетпейін балам.
- Мен жалғыз емеспін. Қасымда балам бар.
- Өз теңіңді тауып шаңырақ көтер. Әйелсіз үй қараңғы. Балаңа да ана керек.Жас күнінде үйленсең балаңда анасына тез үйренісіп кетер еді.
- Өтініш, бұл тақырыпты қайта қозғамауыңызды сұраймын.
- Өмір бойы осылай өтпексің бе?
- Иә, осылай жүремін. Неге мені түсінбейсіздер? Мен әйелімді сағынып, дидарын бір көруге зар болып, сезімім жанымды жаралап, өзімді қоярға жер таппаймын. ... Мені осындай күйге түсірген сезімді қалай өшірем?. Өз әйеліме деген махаббат оты жанымды өртеп жатқанда өзге әйелді алсам, ол адамға қиянат жасаған болмаймын ба? Ол әйелдің жүзіне қалай қараймын?
- Уақыт емші..
-Ұзақ уақыт бойы өмірлік жарым деп сеніп, арқа сүйеп келген, тәтті де, қызвқты сәттерді бірге бастан өткізіп жүрген адамым бір сәтте жоқ болып кетті. Есімнен адасатын күйдемін.
Жылап-сықтауға мүмкіндік қалдырмау үшін бос уақытты азайтып, жұмысқа беріліп жүрмін. Алайда мұныңда пайдасы тиер емес. Өткенім мені бостандыққа жіберер емес. Өзім ессіз адамдай күй кешіп жүріп өз іс-әрекетімді тізгіндей алмай жүргенімде өзгені жар етіп ол үшін жауапкершілік арқалауға шамам жетпейді.
-Уақыт өте келе мұның бәрі артта қалады. Уақыт – бәріне емші. Барлық болған жақсы, жаман кездері үшін оған іштей алғыс айтып, өзіңе «өткенді бостандыққа жіберемін» деп айт. Оның да жаны жай тапсын.