11.05.2023
219
Коммерсанттың үш жұрты
Коммерсантың үш жұрты болады.
Бірінші жұрты — конкуренттері.
Екінші жұрты — оптовиктері.
Үшінші жұрты — клиенттері.
Базар тілінде мұны: конкуренттерің — күншіл, оптовиктерің — міншіл, клиенттерің — сыншыл деп те мақал-мәтелдетеді. Яғни, конкурентің зор болсаң, көре алмайды, қор болсаң, бере алмайды. Дұрысы — бермейді де. Тауарыңды сатсаң күндейді, сатпасаң жүндейді. Общым, Сізге жақсылық атаулыны тілей білмейді. Мысық тілеулес болады.
Оптовиктерің — тауарыңның сапасына қарайды, бағасына қарайды. Арзан берсең жағасың, бермесең дауға қаласың.
Клиенттерің — жолыңа, қолыңа қарайды. Бағасын түсіріп берсең, саудаңды тілейді, тілеуқор болады.