11.05.2023
  58


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Періштенің сиынуы

Тек періштемнің шексіз күшімен,
Жаратып бар тіршілікті,
Періштем ақылды да, күшті де,
Сен емес пе, өмір молшылығы,
Көпшілікке шадымандық сыйлағанмен,
Тек раджей мен магараджаларға,
Және де маймылдарға,
Біздердей секілді, жарық беріп,
Кембағал, кедей етіп қойған.
Жоқ бізде ағайын да, бостандық та,
Туғаннан – жаман атанғанбыз.
Өзгелерге ұлы зат болғанменен,
Біздердің ол өмірімізді алып қалған,
Біздер тастандымыз, бейшарамыз, тас кереңбіз.
Сен де жоғарыдан, төбемізден қарап жұлдыздардан,
Жек көрсең егер өлімсектерді,
Кімдерге біздер сонда бейшара, мүсәпірлер керекпіз?
Тыңдағын құдіреттімнің сақ құлағымен,
Ұлыңның қарапайым жүрек үнін.
Не болмағанда көңіліңді демеп,
Мәңгілік туралықтың жолына түскін.
Енді міне,
Сенің берер таңғажайып сыйыңды, күтудеміз бүгінде.





Пікір жазу