11.05.2023
  131


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қоштасар сәт

Бар қуаныштарын тоқтатып,
Соңғы рет барып,
Сүйіктіңнің аузына жармасасың.
Келе жатып – асығып сен –
Артыңнан жауың қуғандай,
Жәннәттан тұра қашасың.
Қараңғы жолға қарасаң –
Қайғырар көңілің,
Артыңа қарасаң –
Қақпа да жабық.
Бұрыннан өзін-өзі байқатпағандай,
Бақыты келіп оны іздеп таппағандай,
Бір кезде жүрек те кетті өзінше, жабылып.
Күмәндану, қайғыру, кінәлау тірідей өлтіріп,
Шеттетер оны қара бұлттай нажағай атып,
Жарық жұлдыздар сәулесін жасырмаған.
* * *
Ия, болмаса бүкіл әлем сөнген бе?
Болмаса тәкаппар жартас құздарға,
Таң сәулесі, шұғыласы түсіп алтын нұрға бөленбей ме?
Бидай дәнін сабақтап төкпестен,
Жылтырап-жарқырап шық түспестен,
Өзен-бұлақ сулары ормандарда, кең далада,
Сарқырап ағып, асып-таспас па еді?
Байқаусыз – кейде қалыпсыз қалып дыбыстар,
Кейде жүздеген түрлі – көкшіл аспанға бөленер.
Көрдің бе сен – онда қараңғы тұңғиықта,
Барлық періштелерден де әдемі де, мейірімді де,
Ауа мен жарықтан жаратқандай,
Дәл бір оған ұқсағандай,
Бір мүсін жанып жарқырап тұр.
Мұндайды, керемет үлкен ойын сауықтарда, билерде,
Сенің көркем сұлу көздеріңе танытқан.
* * *
Таңырқанып, таңғалып қарайсың сен,
Бір ғана сәт – бұл жерде ол жансыз.
Туралығына келгенде ол сенің ой-санаңда –
Армандаған жандардың ішінде,
Әрқашан да ол жалғыз,
Әрбір сәтте мың құлпырып,
Күн сайын – жарқырап, кемелденіп,
Сол бір жанға ұқсап тұрғандай.
* * *
Керемет ұнамды дене қимылымен,
Бейнесімен мың құбылып,
Сатылап келіп жетіп алып,
Құшарлана құша сүйіп ол мені,
Жүрек төрінен от-шоқ жанған жылуын,
Соңғы рет маған сыйлағандай.
* * *
Түгелімен саған берген сол жүректе,
Саған деген ардақ істің бәрі де содан табылғандай.
Түп түбіне дейін ашылу, тек соған ғана бұйырған.
Тек соған ғана мәңгілікке айнымастан берілген.
Тұтқында отырғаны оған кереметтей көрініп,
Өзін еркіндікте, бостандықта жүргендей сезініп,
Жүрегінің әрбір соғуын ғашығына арнаған.
* * *
Тыныштықтың салқынына шырмалған,
Жартымсыз қан – сезімсіз, ықпалсыз.
Армандар, үміттер, ой-толғаулар, небір шешімдер,
Ғашықтардың махаббатындай от-шоқ жанған,
Кенеттен ұшып келгенде топ-топ болып,
Сонда барып мен білдім тілегімнің жаңарғанын.





Пікір жазу