11.05.2023
  173


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Нақыл өлең сөздер

Шіркеу терезесіндегі әйнектердей,
Өлеңдер бар түрлі-түсті.
Сыртынан қарасақ,
Біз ешнәрсені жөндеп, пайымдап та көрмейміз.
«Шетінен бұлыңғыр, керек десең одан да нашар екен
Деп айтар келген адам.
Ешбірін де жөнді көрмеген соң,
Ашуланып ол жынданар.
Болса болсын оны қайтесіз,
Ал сіз – батыл кірісіңіз,
Қасиетті поэзияның нағыз арасына!
Түрлі-түсті әйнектерден нұрлана сәуле берген,
Қандай жақсы! Қандай жарқын, жарық!
Бәрі де көңіл-күйді көтерер,
Көздің, шіркін, жауын алар,
Ия, жаңа өмір жолы біздерге ашылғандай.
Егер де сізде жан бар болса –
Taп онда сізге осы шіркеу көңіліңізге тура келер!

1827





Пікір жазу