11.05.2023
  238


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Босату

Жәннәт төрінің есігінде,
Мен қарауылдық қызметті атқарамын.
Жауап бергін, келімсек,
Сен, меніңше, біздікі емессің!
Расында да сен құранның қорғаушысы,
Пайғамбардың сенімді досымысың?
Шынында да еңбегің сіңген,
Жәннәтқа баруға лайықтысың ба?
Егер де сен батыр болсаң расында,
Қорықпастан менің жаралы жанымды тапқын.
Сенің сонда жақсы жан екеніңді мойындап,
Батырым, сонда сені жәннәтқа жіберемін.

1815





Пікір жазу