Могометтің сөздері
Дұшпандар өлгендеріне қаншама қайғырып жылағанмен,
Мерт болғандар, көмілген мүрделер қайтып келмес енді.
Өлген ағайындарына қайғырып біздер ме жылайтындар,
Біздің ағайындар аспанға биіктеп самғап ұшар!
Алтын есіктерін айқара ашып,
Жеті ғаламшар, өлгенді қарсы алар.
Жерде шіруінен тазарып,
Жаны толып жәннатта болар.
Шіркеу қызметкеріне,
Әшкере болып қалмайын деп,
Діріл қағып шексіз қарауменен,
Жер жүзінің жеті қабатын бұзып жарып,
Жәннатқа бағыт алып,
От-шоқ жанған арғымақпен оқтай зулап ұшар.
* * *
Ежелгі данагөйлер,
Бәрінің де шетінен үлбіреп беттері,
Өздерін жоғары биік төрде санаған.
Көңілдері көкке жеткендей болып,
Өздерін зор ерекше жанбыз деп санаған.
Ежелгі өмірдің көкорай шалғындағы қобдиған қараңғылығы,
Беймәлім жемісін гүлдерге сыйлаған.
Самал-жел балдай тәтті ауасынан тыныс алып,
Көктің қор қыздарын-аруларды бірге көргенде,
Лаулап от-шоқ жанып, мас болып, естен танар.
* * *
Бойжеткен қадала қарап сұрады,–
Неңмен сен мықтысың, айбынды жауынгер,
Тәжірибеңмен бе, жоқ әлде жігерлі жігіттігіңмен бе? – деп.
Егер де сен Эдем қызға ұнасаң,
Батырлыққа тұрарлық не жұмыс істеп едің?
Есте қалар әрбір жан жарасы,
Себебі жаралыларда – атақ, даңқ, абырой бар.
Тайпалар айырмашылығын өлім жетіп өшіргенмен,
Тек жаралы жандардың сенім шырағын өшірмес.
Түрлі түсті тұрақсыз жолдар,
Сені де еріксіз, салқын суық қуысқа тығар.
Қайнап тұрған жүзімнің суынан,
Жылулық тауып өзгерерсің демде сен.
Жастық шағың қайнап күшің жалындап,
Бәрінің де көңілдері шаттанып таза жанар.
Іштеріндегі бір жігіттің жүрегін жаулап алған ару,
Бәріне де өмірлік бикеш, дос боп қалар.
Үлкен думан тойда, бір бойжеткен қыз,
Басыңды шыр айналдырып, сені өзіне алды бағындырып:
Сол қызбен қуанышты да, бейбіт күндерді де,
Биік төрде, әрқашан да, бірге енді бөліскін.
Сол бір хор қызы, болмаса және де бірі
Қолқа салып қонағын тойына шақырар.
Расында да, жәннат үшін жан пида:
Әйелің көп болса –
Үйіңе бақыт келтірер.
Өткенді ойлап сен енді қайғырмассың,
Енді бұл жерден қашып құтылмассың.
Тап осындай әйелдерден еш шаршамассың,
Осыған ұқсас шараптардан мас болмассың.
* * *
Ұрыстарда жан аямастан соғысқан батырларын,
Көрдім аздап, құрметпенен марапаттар күткенін.
Жәннәтті айналшақтап керемет той жасауда,
Алланың сүйген ер жүрек батыр пенделері.
1815