Жаным, сүйіктім, көрем сені...
Мың түрлі құбылып жасырына алсаң да сен, –
Жаным, сүйіктім, көрем сені,
Сиқырлы жамылғыштың астында жасырынсаң да, –
Қайда жүрсең де, көрем сені.
Мөлдір таза жастық шақта қайнап жанған,
Таңғажайып өскеніңді, көрем сені.
Жаңа толқын өзенінің ағысындай,
Сан мейірімділік, арасынан көрем сені.
Бұршақша шашылып аспанға атқылап, көркемденген,–
Бар зеректілік, жылдамдықтың, ішінен мен көрем сені.
Бейне жүзін өзгерткен, құрастырған, –
Шексіз қуаныштан, мен көрем сені.
Көкорай шалғын кілем, ол саған кепіл болған,–
Барша алуан түрлі жұлдыздардан, көрем сені.
Егер де борандап жауса шырмауықтай мыңдаған қолдар, –
Бәрін де біріктірген, арасынан көрем сені.
Бар қуанышымен, саған сәлем беріп, –
Таң сәрілеп атар тау үстінен.
Кіршіксіз таза аспан ауасы,
Бар жүрегімді жаулап алған,
Төбемде жүр айналшақтап, –
–Кеудемді толтыра кеп, сені жұтам.
Бар тәжірибе сезімдер,
Ішкісі де, сыртқысы да,
Бар болмысым, – сен арқылы.
Аллаға бергенменен бөтен жүз есімді,
Аталған әрбір есімдер – саған арналар.
1815