11.05.2023
  756


Автор: Карло Коллоди

Пиноккио

Ертеде Геппетто деген ағаш шебері өмір сүріпті. Бір күні ол ағаштан ойыншық бала жасайды. Кенет қуыршаққа жан бітіп, өте көңілді, шолжаңбай бала пайда болады. «Енді сен менің балам боласың», — деп шебер оған Пиноккио деп ат қояды.


Бір күні бәрін өз көзімен көріп, білгісі келген Пиноккио үйінен қашып кетеді. Геппетто артынан жүгіріп шығып: «Пиноккио, тентек болма, үйге қайт», — деп айғайлайды.


Геппеттоның дауысын көршілері естіп, жиналып қалады. Алайдатың дайтын бала жоқ, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі.


Пиноккио күні бойы дала кезеді. Кешке қарыны ашқан соң амалсыз үйіне оралады. Оны терезеден жолын күтіп қарап отырған Геппетто көріп, шақырып алады. Тамақтандырып: «Пиноккио, ұлым, өте шолжаң болуға болмайды. Сен жақсы бала емессің бе? Бұлай қаңғырғанша, мектепке барып білім ал», — дейді.


— Иә, әке. Тіліңді алатын жақсы бала боламын. Ертеңнен бастап сабаққа барамын, — деп жауап береді Пиноккио. Пиноккионы мектепке жіберу үшін үстіне киім және «Әліппе» керек. Геппетто жалғыз қыстық пальтосын өткізіп, керек-жарақтарды сатып алады. Таңертең Пиноккио мектепке кетеді. Пиноккио мектепке бара жатып, жылжымалы қуыршақ театрының: «Келіңіздер, қуыршақтар ойынын тамашалаңыздар!» — деп айғайлап шақырған хабарламасын естиді. Сөйтіп, сабақ жайында қалады. Пиноккио оқулығын билетке айырбастап жібереді. Біраздан кейін театрдың іші балаларға толып, қойылым басталады. Қуыршақтар сахнаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді. Бір кезде олар көрермендердің арасында отырған Пиноккиоға назар аударады.


— Пиноккио, сен біз сияқты қуыршақсың ғой. Сахнаға шық! — деп жамырап қоя береді.


Ойын тоқтап қалады. Жиналған жұрт ашуланып, тарап кетеді. Спектакльдің үзіліп, аяқ талмай қалғанына ашуланған театр жет екшісі Мангиафиссо:


— Қойылымның күлталқанын шығардың! Сол үшін сені отқажағамын! — деп жекіреді.


— Рақым етіңіз, отқа жақпаңыз, — деп қуыршақтар жалынып, жал барынып, Пиноккио ны театр жетекшісінің қаһарынан қорғап қалады. Мангиафиссо жөн сұрастыра келіп оның кедей ағаш шеберінің баласы екенін біледі. Рақымы түсіп, Геппеттоны есіркеп, баланың қолына бес алтын тиын ұстатады.


Содан соң «Әліп песін» қайтарып, алтын тиындарды дорбашаға салып беріп үйіне жібереді. Оң қолына «Әліппе», сол қолына алтын тиындар салынған дорбашаны ұстап келе жатқан Пиноккиоға түлкі мен мысық жолығысады. Олар:


— Дорбашаңда не бар? — деп сұрайды.


— Бес алтын тиын бар. Түлкі мен мысық алтын тиындарды қолға түсірмек боп:


— Бесеуін біз білетін сиқырлы жерге көмсең, ертеңінде олар көп болып өсіп шығады, — деп алдайды. Пиноккио келіспейді. Амалдары таусылған түлкі мен мысық енді күшпен тартып алайын дегенде, көмекке мейірімді Фея келеді. Ол сиқырлы таяқшасының күшімен түлкі мен мысықты қуып жіберіп, Пиноккионы үйіне ертіп келеді. «Геппетто «ба лам мектепке кетті» деп қуанды, ал сенің жүрген жүрісің мынау. Ата-ананы ренжіту ге болмайды, есіңе сақта! Мына тиындарыңды жоғалтпай әкеңе апарып бер. Ес кертіп қояйын, тағыда осындай жақсы балаға жатқылық жасайтын болсаң мұрның өседі» деген ақылын айтып, Фея баланы шығарып салады. Пиноккио үйіне келсе, әкесі жоқ екен. Ол әке сін күте-күте жалығады. Феяның сөзін ұмытып, тағы да үйінен шы ғып кетеді. Ақыры адасып, енді не істерін білмей жылап отырғанда, бір үлкен көгершін ұшып келіп:


— Неге жылайсың? — деп сұрайды.


— Әкемді таба алмай отырмын, — дейді Пиноккио жасынтыя алмай.


— Әкең балық аулап жүр. Кел, жылама, арқама отыр да, қанатымнан мықтап ұста. Мен сені әкеңе апарып тастайын, — деп, көгершін баланы көтеріп аспанға көтеріледі. Көгершін ұшып отырып, Пиноккионы бір өзеннің жағалауына әкеп тастайды. Әкесі қайықпен өзен бойлай жүзіп бара жатыр екен.


— Әке, мен жағалаудамын. Бері келші! — деп Пиноккио бар дауысымен айғайлайды.
Бірақ Геппетто қарияның аздаған кереңдігі бар еді, ол бұл дауысты естімейді.


— Әке, тоқташы. Мен ұлыңмын ғой. Енді жаман бала болмаймын. Тіліңді аламын. Өтінем, тоқташы, — деп жалынады.


Әкесі қайырылмайды.
Пиноккио енді не істерін білмей, жағалаумен жүріп келе жатады. Біраз жүрген соң есік алдында кішкентай қайығы бар үйшікке тап болады. Үйшікте қарт әже отыр екен. Ішке баса-көктеп кірген баланы ол жылы қабақ пен қарсы алады.


— Құлыным, қарның ашқан болар, — деп тамақ береді. Пиноккио рақмет айтпастан әжей ұсынған бәлішті жеп, сүтін ішіп алады.


— Балақай, атың кім? Кімнің баласысың? Неге жалғыз жүрсің? — деп күлімдей сұрайды әжей.


— Менің атым — Пиноккио. Геппетто ұстаның баласымын. Әкем балық аулап жүр екен. Соны іздеп келгенмін, — деп жауап береді.


Осы кезде Пиноккио мұрнының әрбір дұрыс жасамаған қылығымен бірге ұзарып бара жатқанын сезбеді. Әжейден сыртта жатқан қайығын сұрап алады.


— Балам-ау, қайықты игере аласың ба? Ескек есуді білесің бе? — деген сұрағына мән де бермей, қайықты сүйреп өзенге қарай кете барды.


Қайыққа бірінші рет отырған Пиноккио ескек есе алмай қайықты төңкеріп алады да, суға күмп етіп түсіп кетеді. Сөйтіп ол жақын маңда балық аулап отырған бір балықшының ауына барып ілігеді. Балықшы үлкен балық ұстап алдым деп ойлайды. Ауын тартып жағалауға шығарса, балық дегені бала болып шығады.


Балықшы аң-таң. Пиноккио:


— Құтқарыңыз, мені босатыңыз, мен балық емеспін! — деп айғай салады.


Балықшы баланы аудан босатады. Пиноккио балықшыға кінәлай қарап, өзен жағалай басы ауған жаққа жүріп кетеді. Бір кезде ол өзінің судағы бейнесін көреді. Ұзарып кеткен мұрнына қарап, қайғырып жылайды. Феяның айтқан сөзі есіне түсіп: «Мен қандай жаман іс жасадым екен?» — деп ойланады.


Балықшының Альдиго деген иті бар екен. Ол жылап отырған баланың жанына кеп, ары-бері аунап, неше түрлі қызықты оқиғаларды айтып көңілін көтереді. Сөйтіп Пиноккио итпен тез тіл табысады. Қайрымды Фея ны тауып беруін өтінеді. Альдиго баланы Феяның үйіне дейін жеткізіп салады. Пиноккио Феяға: «Мен жіберген қателіктерімді түсіндім. Маған сізден басқа ешкім көмектесе алмайды. Мұрнымды бұрынғы қалпына келтіріп, әкемді тауып беріңізші», — деп басынан өткен оқиғаларды түгел баяндап береді.


— Міне, көрдің бе, тыңдамағанның соңы неге әкеп соғатынын? Мұрның қаншалықты ұзар са, сонша жаман қылық жасағаның. Енді бәрін түзеу керек. Ертеңнен бастап мектепке барасың. Әдептілікке үйренесің. Сонда ғана мұрның орнына келеді, — дейді әңгімесінтың дап болған Фея.


Сөйтіп, Фея Пиноккионың күнделікті мектепке баруын қадағалап отырады. Пиноккио да айтқан сөзінде тұрып, сабағын жақсы оқиды. Қолынан көп іс келетін болады. Ескек есуді де үйренеді. Біртіндеп әдепті балаға айналады. Мұрны да күннен күнге қысқарып, қалпына келеді. Бірде Фея:


— Пиноккио, сен бірінші сынақтан сүрінбей өттің, құттықтаймын. Енді әкеңді жолықтырғың келсе, ертең жол жүресің. Сол жолда сені екінші сынақ күтіп тұр. Ол туралы кейін сөйлесе жатармыз. Ал қазір бар да, мек тептегі достарыңды қонаққа шақыр. Келіп, сенімен қоштассын, — дейді.


Пиноккионың қуанышында шек жоқ. Ол мектептегі достарын Феяның үйіне ертіп келеді. Фея қонақтарды жақсылап күтеді. Оты рыс көңілді өтеді. Кеш батады, қонақтар біртіндеп тарқайды. Тек Пиноккио ғана тыным табар емес. Есекпен ойнай-ойнай өзі де есекке ұқсай бастайды. Сөйтіп ол көп ойнағанның да дұрыс емес екенін біледі. Келесі күні Фея Пиноккионы ертіп өзен жаға сына келеді. Қайыққа отырғызып:


— Судың ағысымен алдыға қарай жү зе бер, — дейді де, қоштасып қалып қояды.
Пиноккио ескек есіп, өзен нің ағысымен жү зіп оты ра ды. Бір уа қыт та өзеннің суы
бір үлкен теңіз гекеп құйылады. Сол кезде қайдан екені белгісіз бір алып кит пайда болып, Пиноккио ны қайғымен бірге жұта салады. Міне, ғажап! Киттің ішінде ол әкесімен қауышады.


Пиноккио қайыққа Геппеттоны отырғызып, кит келесі бір ауызын ашқан кезде, амалын тауып теңізге жүзіп шығады. Сөйтіп, қайта қауышқан әке мен бала аманесен үйлеріне оралады. Геппетто өз ісімен айналысады. Пиноккио мектепке барады, әкесіне көмектеседі. Сөйтіп біртіндеп ұстаның жағдайы жақсарады.


Пиноккио кезінде қуыршақ театрының жетекшісі Мангиафиссо берген алтын тиындарды дорбасымен әкесіне бермек болып тығып қойған еді. Ол енді сол тиындарға әкесіне жаңа пальто сатып әпермек болып, базарға барады. Базарда ол ұлуды көреді. Ұлумен әңгімелесе келіп, Феяның қатты ауырып жатқанын біледі. Пиноккио жылдам үйіне оралып, әкесіне болған жайды баяндап береді.


— Пиноккио, ұлым, Фея өте мейірімді жан. Саған қанша рет көмектесті. Біз де оған қол ұшымызды беруіміз керек, — дейді әкесі.


Геппетто мен Пиноккио Феяның үйіне келсе, ол расында да төсек тартып жатыр екен. Әке мен бала қолдарынан келген көмегін аямай, емдейді. Фея ауруынан айығып, басын көтереді. Геппетто қария мен Пиноккиоға алғысын білдіреді.


— Пиноккио, мен саған ризамын. Басын да қандай едің, қазір қандай зерек, әдепті бала болдың? Осының бәрі не өзің жеттің, талай сынақ тарданда өттің. Сен нағыз бала бол уғалайықтысың,
— деп Фея Пиноккионы ағаш баладан нағыз балаға айналдырады.


Геппетто өз көзіне өзі сене алмай Пиноккионы құшағына алады. Сөйтіп олар тату-тәтті, бақытты ғұмыр кешіпті.





Пікір жазу