Сағына сарғаю
Не болды маған,
Жүрегімде не сыр бар?
Үйімнің әрбір бұрышы, іші,
Қаншама толған, мұнша қапырық!
Әрқашанда самал-желдер ескен
Кең жазық, еркіндікке, биіктегі бұлттар арасына –
Ия, сонда биік төрге, тезірек жеткізгін енді!
Әне қара құстар,
Аспан қалқып, көкте ұшар.
О құстар, мен сендермен біргемін,
Сендермен ағайын, туыс, дос,
Сендермен бір сапарласпын!
Ия, біздерден төменде қырат-таулар,
Бізден төменде ғимараттар,
Кімді, нені көріп тұрмын?
Ия, құстар осында, құстар.
Ормандарға шашу шашып, –
Бұлбұлдарша ән салып,
Аспан биігін арқалап,
Ойға терең шомып, жүріп келем.
Айналама зер сала жүріп келем,
Ормандарда тыныштық орнап бір сәт:
«Маған арнап, мені ойлап,
Керемет тәтті-шірін ән айтады!»
Күн нұры түсіп кешкіріп,
Ағаш бұтақтары алтын нұрын жібектеп шашад.
Сымбатты, бикеш, сұлу қыз
Күнге күлімдеп қарап жымияды.
Шалқар өзен бойында,
Шалғын жайылым көкорай.
Айналаға түсіп тас қараң,
Соқпақ, сүрлем жол жоғалғандай.
Аспандағы жарқыраған жұлдызға тең,
Көрінгендей болдым мен.
«Маған қарап күлімдеген,
Бұл не деген жарық шырақ?»
Тамылжыған көк аспанға қарайсың сен, –
Уа, шіркін, қуанышты сол бір сәт!
Сенің аяғыңа құладым да,
Бақытымды мен тапқандаймын!
1802