Филина. Үкілі түн
Маужыраған ұсқынсыз ұзақ түн,
Толықсып ән-жыр, көзге жас толар!
Жоқ, қараңғы түн,
Сұлулық, қуаныш, күлкіге жаратылған.
Сүйген жарын жігіттері,
Жартылай туған айдың жарығындай санаған.
Бұл ғұмырдың жарым-жартысы болған, –
Бар ма артық,
Маужыраған ұзақ түннен!
Күндіз күлкі-қуанышымды ұрлаған,
Кімдер оған расында қуанған?
Өзге кезеңдерде ол ешкімге де керек болмаса да,
Алыстап кеткенменен, жақсылықты әкелер.
Түнгі жарықтықта шырақ жанып, ойнақтап өзен-суда,
Көз алдыңда күлімдеп ән-күй салар.
Па, шіркін! Қадала қарап достық сезіммен,
Қызғаныштың оты лаулап,
Жазықсыз өзіңмен шексіз қуана ойнап,
Түннің жан ләззатын біргелесіп өткізерміз.
Бұлбұл құсы ерекше бір
Ғашықтар әнін салған кезде,
Тұрғандай бір басыңда
Қайғы мен мұң ортақтасып, –
Сағаттар тоқтаусыз күресіп шер,
Он екінші дауысы соғып,
Біздерге «тынышталыңдар» дегендей
Хабар берген кезде,
Сонда барып тәубемізге келеміз біз!
1795