10.05.2023
  150


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Арфист. Мұң-қайғы

I
Жалғыз жанның жұлдызы да өзгеше жарық жанар.
Бар жандар да өмірді жақсы көрері хақ,
Жамандармен жақындасу кімге керек?
Бар ауыр азапты маған қалдырыңдар.
Мұңға шомып жалғыз өзім,
Жоқ енді жалғыз емеспін.
Айналамды жартастарым түгел қоршаған.
Мені сүйген мұң-қайғы,
Нақ сүйерін іздеп жасырынып,
Күндіз де шырақ жағып,
Шырақ жағып түнде де,
Жай-жай басып көрінбестен,
Үйге абайлаумен еніп келед.
Енді мен бұл пәледен,
Өлмейінше, жер астына кірмегенше, –
Әсте енді құтылмаспын.

II
Есік алдына келіп,
Үнсіз берген сыйын алып,
Жай ғана рахмет айтып жауап берем,
Бар мұңымды иығыма артып қойып.
Әрбір келген жанның жүрегінде,
Менің үнсіз күйім:
Әрең-әрең дегенде өздерін ұстап,
Көз жастарын тиюда.

III
Көз жастары көл болып,
Нанның қадірін білмегендер.
Күндіз-түні ауласында отырып,
Өмірінде жылап-сықтап зәбір көрмегендер,
Олар құдіреттің тылсым күшін білмегендер.
Олар бізді алдап, арбап –
Көп күнәларға батырып,
Бәрі де кеш болып, жауапқа тарттырар:
Жер бетінде әрбір істің,
Өзінше қайтарар есебі мен жауабы бар!

1975





Пікір жазу