10.05.2023
  99


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жыршы

«Аула алдындағы естілген қандай дыбыс?
Қорған алдындағы жағымды дауыстағы жан кім болды екен?
Биік ғимаратыма, қорама кіріп,
Ән шырқасын алдымызға келіп кәні!..» – деп,
Патша әмір берген еді,
Жандайшап қызметкерлері жан ұшыра жүгірді.
Қызметкерлер келіп баян берді,
«Тезірек кіргізіңдер жыршы кәрі шалды!» деп,
Патша тұрып үкім берді.
«Бәріңізге де сәлем бердім,
Бақ, береке, дәулет келсін!
Сіздерге, асыл жандар, аяулы аналар, бойжеткендер.
Бақыт кұсы келіп қонсын!..»
Аспандағы сансыз көп жұлдыздардың санына жетіп бола ма?
Олардың аттарын атап кім білер?
Қаншама кереметін, қызығын
Бұл жалғанның көзбенен көргенменен, алдамшы,
Бір мезгіл көзіңді жұмсаң,
Сені бір жұмаққа жетелер, жұмбақ күйлер!
Ақсақалды кәрия жыршы көзін ашып-жұмды,
Денесіне жан біткендей,
Тіп-тік болып түзелді,
Тіп-тіке, тура қарағанда көздері жанып ерекше бір,
Әйелдер де қалды ұялып...
Осы ойлы тұрысына қызығып,
Патша риза, тәнті болды.
Алтын моншақты сыйға берді –
Құрметтеп ақсақал кәрияны, жыршыны.
«Алтын моншақты маған бермеңіз,
Оншама құрметке ие емеспін.
Сіз оны батырларға беріңіз
Жаумен соғыста ер жүрек атанған,
Оны өзіңіздің қызметкерлеріңізге беріңіз
Осындай алтын күндерде,
Қиыншылықтарына көмек болсын, қосылсын!..
Мен тек құдайдың әмірімен ән айтамын,
Қамаудағы құстар секілді.
Айтылған өлеңдеріме мен –
Ешбір ақы әндеріме сұрамастан.
Бір ғана өтінішім бар:
Құмыраны толтырып,
Бір шәрбат суынан құйыңдаршы!»
Толы құмыраны қолына алып,
Түгелімен ішіп босатып,
Бір ауыз сөз айтты, денесі қызып:
«Құдайым осы үйді жарылқасын,
Бұл дегенің – келген тегін байлық!
Сіздерге жіберген жақсылығы болар,
Маған Сіздермен бірге жасаған қамқорындай,
Сіздерді де жер бетінде қорғап жүрсін!»

1783


 





Пікір жазу