09.05.2023
  111


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Су үстіндегі рухтар әні

Адам көңілі ағын судай:
Аспаннан түсіп, аспанға ұмтылар.
Аспаннан қайталап
Жер-анаға келіп қонар.
Мәңгілік бірін-бірі алмастырар.
Тап-таза, ап-ашық,
Мәрмәр-гауһар тастай
Тізіліп бір қуат алар.
Міне бөлшектенді.
Ешбір қиналмастан,
Жеңіл бұлттай буланып,
Қабырға дуалға жабысып,
Ара-арасына сүңгіп кетті
Қат-қабатты,
Тар түнекті жарып өтіп.
Топан сулар жолын қорғаштаған
Жар тастардан –
Ашу қысып буланып –
Тау кемерлері арасында – жоғалар!
Абайлап, байқап қарасаң
Жансыз сөреде
Ұйқылы дала жорғалап,
Маужыраған жұлдыздар,
Көл бетінде тұнып тұрар.
Самал желдер толқындармен достасқан,
Дауыл-нөсерлерді
Терең тұңғиықтар тентек қылған.
Адамдардың көңіл-күйі,
Ағын сулардай сарқыраған!
Адамдардың тағдыры,
Тоқтаусыз ескен желменен тең!

1779





Пікір жазу