Лили қызға. Айға
Күнгірт түске оранып,
Жазық дала мен көк майсалар,
Дүниенің түпкір түбіне алып кетті,
Сезім тола армандарды.
Тыныштық орнап төрімде,
Ойларға терең шомылған.
Сенім артқан досым жанымда,
Төбемде, биік төрде тұрғандай.
Қайта оралып, қысып кеудемді,
Өткен ғұмыр жасаған.
Қуаныш пен реніштің ортасында,
Жолым да жалғыз жетім қалғандай.
О, сарқырағын, сарқырап ағар сулар!
Бақыт құсы қайта келіп босағама қонар ма?
Бақ пен дәулет, махаббатым, –
Бәрі де түс көргендей, із түзсіз.
Зымырап жарыса жылдар өтер,
Бар жақсылықты мен көрдім.
Ащы-тұщысын татып жүрек –
Тағдырдың жазмышымен ғұмыр сүрер.
Кең даланың тыныштығын сен бұзып,
О, ағын сулар, сарқырашы керемет бір әндетіп.
Сенің жарасымды керемет дыбыстарың,
Үндесіп жатсын менің салған әнімменен.
Күздің қарауытқан күніндей,
Дауыл соғып үдейсің,
Көктемнің жарық жанған нұрындай,
Гүлдерге жылу бергейсің.
Кек сақтамастан,
Адамдардан аулақ болып,
Кім егер де достар арасынан
Өз орнын тапса өмірде,
Түнгі қараңғылықты
Ақылменен қуаныштарға жеңгізген,
Күндізгі күнгі уайым-қайғыларды
Есіне де алғызбастан, бәрін де ұмыттырған,
Бақытты жан!
Бар ақылымызды қуаныштарға, тойларға толтырамыз.
Бәрін де, біз бұл жалғанда,
Жанталасып ойлаймыз.
1775/1776