09.05.2023
  66


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Фульдің сұлтаны

Фуль деген алыстағы қалада,
Хан-сұлтан өмір сүрді.
Ғашығына сыйға тартар алтын құмырасын
Құпияда жасырып сақтап жүрді.
Бір күндері құмырадан сусын ішіп,
Төңірегіне үңіле қарап еді,
Бақыт құсын есіне алып,
Көзіне жас келіп бұлақтады.
Тар жол, тайғақ, қиын-қыстау кезеңде.
Қараңғылықтың бар билігін таратып,
Ия, бәрін де, керек десең, тағыңды да,
Тек құмыраны – ешкімге.
Бәрін де жар жағасына ол жиып,
Бар сән-салтанат жасап, бек құрды.
Теңіз жағасындағы өзінің хан сарайында,
Қоштасу тойын өткерді.
Қара баулы құмыраны,
Түбіне дейін қақтады да,
Айқара ашылған терезеден төменге,
Тұңғиық, тереңіне лақтырып тастады.
Сол бір сәтте, құмыра
Тереңдеп суға батты да,
Дүниеден өтіп ол, кетті енді келмеске,
Бұйырмас оған енді одан қара су да ішуге.

1774


 





Пікір жазу