09.05.2023
  116


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Кездесу мен қоштасу

Көңілім отқа оранған, күшім де жоқ енді,
Тезірек егерлеп атты далаға ұшқым келеді!
Тау жағасын қараңғылық, ымырт басып,
Айналам тұңғиыққа оранып, кеш те болды.
Мұң-қайғыға терең оранып,
Орасан емен, тұр біздерді күтіп;
Қараңғылық түсіп құс ұясынан,
Жүздеген қара көздер сығырая қарауда.
Толы қорқынышты дыбыстарды,
Қанаттарымен желдер есіп,
Тәтті уайым-қайғы жеп,
Ай сәулесі түсті тұманды жарып жарқырап.
Арғымақ тұлпар желдей есіп,
Небір таңғажайып түнгі ертегі еніп,
Жүрек шіркін, тамылжыта ән салар.
Уа, Дариға-ай! Өмір қайнап ерекше бір,
Дархан көңілім оттай жанар!
Күлімдеп қараған жанарыңды оттай жанған,
Армандап ұшып көңіл-күйім, сені аңсауменен,
Тек бір өзіңді ойлап, сағынумен,
Ес-түсімнен мүлдем айырылып, саған ауар.
Міне, жеткендеймін дегеніме, жолым болып,
Алдымда тұрғандайсың, көктемім көкке оранып.
Және де біргесің менімен,
Ия, менімен! О Құдайым!
Көктен тілегенім, жәннатым келгендей,
Бар еді нендей менің еңбегім?
Па, шіркін! – күн де атты күлімдеп,
Таңғажайып көріністер ғайып болды.
Қандай қайғырып күлімдеп қарадың сен,
О, ерекше мені сүйген жаным!
Мен тұрмын, жүрегім мың тілініп, мың езіліп,
Және де сен енді жалғыз қалдың...
Дегенмен де махаббат деген – қандай шексіз бақыт!
Тамаша керемет, ғажайып – сенің махаббатың.

1771





Пікір жазу