09.05.2023
  230


Автор: Дархан Қыдырәлі

ҰШҚАН ҰЯ

Сырттағы шуды естіп тысқа атып шыққан бұл будақтаған түтінді көрді. Түкке түсінбей, аузы ашылып аңтарылып


тұрған мұны үйдің іргесінен шауып өткен әлдекімдер басып кете жаздады. Әлпеттерін аңғарды, көрші ауылдың мұжықтары екен. Еліріп алған, даурығып, қауқылдасып барады. Солардың екпінінен мұрттай ұшып түскен. Артынан кіші анасы келіп, қапсыра құшақтап, таңдайын басты. Бұл Бақтының бір жақындығын сезсе де, оны мо-йындай қоймайтын. Ыңғайсызданып, құшағынан сытылып шықты да, әкесінің жанына барды. Сонда байқады, әкесі налып, үнсіз ғана басын шайқап тұр екен.Алпамса денелі кісінің шарасыз кейпін көріп, аңтарылып қалды. Оның неден қаймығып, неге қамығып тұрғанын түсінген жоқ.


Әкесі Шоқай би салмақты, ұстамды кісі еді. Ұзын бойлы, қауға сақалды би үнемі ой үстінде жүретін.Қажылыққа екі ретбарған Торғай датқа Жұмық бидің қызынан туған ұлының атын «Шоқмұхаммет» деп қойған екен. Пайғамбар атын жөнсіз айтудан именетін ғадетпен жеңгелері оны еркелетіп «Шоқай» деп атапты.


Бақты тұңғышы Сыздық сияқты бұны да бәйбішенің бауыры-на салған. Перзент сүймеген бәйбіше Мұстафаны туған баласындай жақсы көрді. Қызылшақа нәресте кезінен өзі асырап баққан бәйбіше оның әр қимылына балаша қуанатын. «Тіл-көзім тасқа» деп, тілеуін тілейтін.Кеш батса,жанына алып,ертегі айтатын.Бәйек болып,асты-үстіне түсіп қарайтын. Құлдыраңдап жүріп шаршайтын құлыншағы тізесінде жатып ұйықтап кететін. Содан ертеңгісін ақырын оятып, түнде өкпе-бауыр салып даярлап қойған шелпегі мен ыстық сүтін беретін.Сол сәтте орта бойлы,толықша келген бәйбішенің жанарынан мейірім нұры шуағын шашып тұратын. Түнде мазасызданса, тұрып келіп алақандарымен ауырған жерлерін сипап, тыныштандыра-тын. Мұның бәрін алыстан ғана бақылап, аңғаратын Бақты өзегінен шыққан перзентінің жанына жақын бара алмай, баласының тілеуін іштей тілеп қана отыратын. Ол бәйбішенің көңіліне қылау түсіруден, оны ренжітіп алудан қорқатын. Сондықтан, Мұстафаны туған анасы болып айналып-толғанып көрген емес.


Әкесі ежелден келе жатқан жора бойынша мұны бауыры Оспанның тәрбиесіне берген.Батыр көкесі оны жастайынан жанына ертіп жүрді. Мұстафа да Оспан көкесіне ұқсағысы келетін. Ол ер мінезді, еңсегей бойлы, алып денелі, даусы жуан, түсі сұсты көкесін мақтан тұтатын. Ерліктерін естіп, оған еліктейтін. Әсіресе көкесінің 13 жасында Хиуа ханының таңдаулы үш атын алып кеткені туралы ел аузында жыр болып айтылатын оқиға оны батырлық жайлы неше түрлі қиялдарға жетелейтін...


Бірде ол көкесінің қарусыз елге әкіреңдеп, жұртты қырып кете жаздаған полицей бастығын қамшымен ұрып, аттан аударып түсіргенін көрді. Сонда байқады, көкесінен қаруын сайлап келген патшаның жасауылы да қаймығып, ығады екен. Көкесі оған апасы айтатын ертегінің батырындай елестеп, кеудесін мақтаныш кернеді. Қыр қазағы тегіс құрметтейтін көкесіне қарап тұрып, Мұстафаның да батыр болғысы келді. Ерлік жасап, халқына пана болып, елін жаудан қорғауды армандады.


Кейде көрші балалармен ойнап отырып осы жайт есіне түсіп кеткенде:


— Менің көкем Жаназар батырдан да мықты,—деп мақтанатын. Жанындағы балалар бұған пәлендей қарсы келе қоймаған соң:


—ОспанкөкемӘжібайбатырдандакүшті,—дейдідаусынзорайтып. Сосын сәл ойланып отырып:


— Ол Қобыланды батырдан да өткен батыр,—дейтін батылданып. Сондайда қыпшақтан шыққан аруақты батырлардың есімдерін


естіген үлкен анасы күбірлеп, Құдайдан кешірім сұрап жататын.


Бой-әлпеті келмегенімен, Мұстафаның табандылығы, қайсарлығы, шамшылдығы мен намысқойлығы расында көкесіне ұқсайтын. Деген-мен,жұртоны нағашы жұртынатартқандейді.Нағашы атасы әйгілі ба-тыр, ту ұстаған сардар болыпты. Анасы Бақты да жаугершілік заманда шашын түйіп,атқа қонып,жастайынан батырлығымен көзге түскен.


Шоқай ауылында отыздан астам отбасы тұратын.Негізінен —олар бір-бірімен аталас, жақын туыс болып келетін. Ауылдың ұйтқысы Шоқай би еді. Сондықтан бұл маңайда Шоқай бидің ауылы болып аталатын. Өзі би һәм болыс болғанына қарамастан, Шоқайдың ауылы жұпыны болатын. Әкеден алған тәрбиемен дүние қуып, мал жимаған би егін егіп, бау-бақша өсіретін. Ал қыр қазақтарының түсінігінде өрісте мыңғырған малы болмаған адам кедей саналатын. Алайда Шоқай отбасы өте жомарт еді. Ауылға келген кез-келген көк атты осы үйге түсетін. Олардың арасында кейде бала-шағасымен келіп, апталап жатып алатындар да болатын. Құдайы қонақ үзілмейтін бұл үйді ақын-жыраулар да жақсы көретін. Шоқайдың шақыруымен Сыр сүлейлері, Базар жырау, Шәді төре, Ергөбек, Тұрмағамбет сияқты әйгілі жыраулар мен жыршылар қызыл кірпіштен жасалған үлкен үйге атбасын бұрып, таңды-таңға ұрып жыр айтатын. Әсіресе, күллі Орта жүзге атағы жайылған Бұдабай ақынның «Жеті ата Шашты жайында» деген ұзақ жырын талмай тыңдайтын. Бұл жырлар бала Мұстафаның жүрегіне жол тауып,оның қиялын қияға самғататын.Патша үкіметіне қарсы келіп, елінің бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен Жанқожа Нұрмағамбетұлының теңдессіз ерлігін тыңдай бергісі келетін. Соның әсері болса керек, Мұстафа бес жасында домбыра тартуды да үйреніп алды.


Ол беске толмай жатып қаріп таныды. Алғашқы ұстазы — анасы Бақты болатын. Зерек, алғыр Мұстафа немере ағасы Әлмұхаммет ашқан мектепте оқыды. Әліш ағасы өкіметке екі рет хат жазып жүріп, арнайы рұқсат алып, өзі салдырған үйдің іргесіндегі бұл мек-тепте Мұстафа түрік мұғалімнен сабақ алды. Қызық, қайдан келгені белгісіз, қабағы ылғи түйіліп жүретін бүркіт тұмсық осы бір түрік мұғалімі Құранды жатқа білетін еді. Сондықтан, оны ауыл жұрты тегіс құрметтеп, атын атамай, «қари» деп атайтын. Мұстафа да оның атын білмейтін. Сырт көзге қатал болып көрінетін осы мұғалім оның бойынан ерекше қабілет байқап, арнайы көңіл бөлді. Ұстазының айтқандарын шәкірті лезде қағып алып, сол сәтте мүлтіксіз қайталап айтып беретін. Бұған басқа балалар қайран қалатын. Мұны бала көңіл үлкен мақтаныш көретін.Ата-анасы да бұған марқайып қалатын.Осы-ны сезіп,арқаланатын ол үйге келген кісілердің алдынан шығып,олар сұрамаса да, бар білгенін мәнерлеп айтып беретін. Келгендер зейін қойып тыңдап, артынан мақтаса, масаттанып, мәз болып қуанатын. Көңіл аудармай, дұрыс тыңдамай қойса, екпіні бәсеңдеп, бұртиып, лезде ренжіп қалатын.Сондықтан,жұртоны өкпелетіп алмауға тыры-сатын.Барлық істе бірінші болуды қалайтын ол осылайша ерке болып, еркін өсті.


Әуелі     арапша     қаріп     таныған     Мұстафа     Құранды     қырағат-мақамымен, нәшіне келтіріп оқитын. Баланың даусы тыңдаған кісілердің сай-сүйегін сырқыратады. Ол ұзамай ғылымхал мен әптиекке түсті. Сосын Ахмет ишаннан Чар кітап, Мырза Бедил, Сопы Аллаяр сияқты күрделі кітаптарды оқыды. Жасы отызға жаңа іліккен ишанның түйдей құрдас аттас баласы мұнымен қатар отыратын. Ахметтің Мұстафасы бұған қарағанда ұяң,ибалы.Екеуі де «таңдаулы» деген мағына беретін пайғамбар есімін мақтан тұтады. Жаңа үлгіде білім беретін «Қызыл үйдегі» мектепте дүнияуи пәндерден Ерімтөреден дәріс оқыды. Орысша білетін озық ойлы мұғалімді Әліш ағасы арнайы алдырған. Ол бұларға Ыбырай Алтынсарин деген үлкен ұстаз туралы әңгімелейтін. Оқу-білімнің пайдасы жөнінде көбірек айтатын.


Кейде бұлардың білімін тексеруге Айымбетмолда келетін.Тыпыр-шып отырған Мұстафаға қарап: «Атаң Торғай датқа Хиуаның датқасы болған, Қоқан тұсында ел билеп, жандаралмен келіссөз жүргізген еді. Талай жақсылығын көрдік. Марқұм «Менің екі қанатым бар: бірі — Игілік әулие, екіншісі — Жаназар батыр» деп отырушы еді. Мен Игілік әулиені де, Жаназар батырды да білемін. Қандай кісілер өтті бұ дүниеден... Әкеңе рахмет, сен туғанда азан шақырып, бата бердім. Ал атыңды Әубәкір молда қойған» дейтін. Кейде көңілі шалқып: «Өлең деген — шайтанның ісі. Пайғамбар жасына жеттің, енді тәубаға кел деп, мен атақты Бұдабай ақынның өзін жайнамазға жыққанмын» дейді әлденеге масаттанып. Сабақтан зерігіп отырған Мұстафа мұндайда оқыс сұрақ қояды:


—Ата, кәпір ішкен ыдыстан мұсылманның су ішуіне бола ма?


— Шариғат бойынша, егер кәпірдің мұрны сорайған ұзын боп, ыдыстың ішіндегі суға тисе,ішуге болмайды.Ал мұрны пұшық болып, суға тимесе, онда суды іше беруіңе болады. Немене, кәпірдің қызына үйленейін деп жүрсің бе, қызталақ? — деп, сығырая қарайтын қарт молда.


Сонда түрік мұғалімнің сорайған мұрнына қарап балалар әр тұстан бір пыс-пыс етіп, күле жөнелетін...


Өстіп жүріп ол Әлмұхаммет көкесінен орыс әліппесін де үйреніп алды.Әкесінен қазақша жыл қайыру мен жұлдыздардың атауын білді. Әңгімені әріден қайырып, әрбір сөзін байыппен айтатын әкесі оған жеті атасы Торғай, Қуатбай, Темір, Жанай, Кілт, Қалдау, Арыс, Бошай, Шашты жайлы шежірені үйрететін.


— Әке, біздің еліміз неге Шашты деп аталады? —деп сұрайды ол. — Жаугершілік заманда жоғалып кеткен Кенжеғұл атамыз


Құдайдың құдіретімен табылған кезде, шашы өсіп кеткен екен. Әулие аян беріп, содан Шашты деп аталыпты.


 


— Мұнда неге көшіп келдік?


— Е, «Арқа тыныш болса, арқар ауып несі бар» деген. Бір жақтан Қоқан қоқаңдап, бір тұстан Хиуа билік айтып, ақыры патша келіп алды. Сондай аласапыран уақытта амалсыз, елді аман сақтап қалу үшін осында көшкен аталарың. Шілік қырғынынан кейін Торғай атаң бастаған Шаштының бір әулеті Әулие Тораңғылға келді. Біраз жұрт елде қалды. Атаң Сұлутөбенің батысынан шығысына қарай арық қаздырып,там салдырды. Бірақ сен туар жылы Сырдың суы қатты та-сып, осы Көксудың сағасындағы Наршоқыға қоныс аудардық.


Мұстафаның есіне әнеукүнгі әңгіме түсті. Шайымбет қария Сырдың тасып, ауылдың су астында қалып қойғанына кейістік білдірген еді, Әубәкір молда: «Ақсақал, барлығы да Жаратқан иенің әміріне бағынады. Тағдыр — Тәңіріден. Бұ дүниеде тектен-тек ештеңе болмайды. Ғаламның сырын оқи білген адамға айналадағы оқиғаның бәрі белгі, ишара, ескерту. Тек соны сезе білу керек. Сырдың суы көтеріліп, құрсаған сең бұзылса — ол да бір ишара болар» деген. Оның неге ишара екенін Мұстафа сол жолы сұраған жоқ. Бірақ ойында қалып қойған.


— Әке, Қоқанның ханы күшті ме, ақ патша мықты ма?


—Қоқан деген үлкен хандық еді.Бірақ,ол қазаққа көп зәбір көрсетті. Кенесарымен соғысты.Бірлік ажырап,береке кеткеннен кейін,ақыры ақ патша жойқын қаруымен келіп,оны өзіне бағындырып,басыбайлы етіп алды.


—Ал Қоқан мен қазақ біріксе, патшаны жеңе ме? Мұндайда әкесі үндемей қалады.


Шоқай би төрт жылдық ауыл мектебін екі жылда үздік бітірген алғыр баласын орыс мектебіне бермек болды. Бұл мәселеде орысша оқып, заманның ағысын сезіне білген інісі Әлмұхамметтің кеңесіне ден қойған би жеті жасар ұлын Ақмешітке апаруға жиналды. Сол-ақ екен, қамкөңіл қос анасы ұлдарының алыс жолға кететінін ойлап, жоқтау айтқандай дауыс салып жылай бастады. Оларға қосылып ауылдың кейбір әйелдері кемсеңдеді. Ағайын-туыстары мен ауыл-дастары, құлын-тайдай тебісіп бірге өскен достары да жан-жақтан қаумалап келіп,мүсіркеушілікпен қарап: «Ақмешітте орысша оқитын боласың, сенің басыңа орыстың фуражкасын, үстіңе орыстың киімін кигізіп қояды. Сосын қазаққа ұқсамай қаласың. Орысша сөйлеп, орыс болып кетесің» десті бұған бірауыздан. Көп сөйлемейтін түрік мұғалімі де мұның жанына ақырын басып келіп: «Орыстың мектебінде мойныңа қарғыбау мен крест тағады. Сөйтіп сені шоқындырады» деп дүңк еткізді. Енді біреулері сыбырласып: «Бидің мұнысы несі?


 


Баланы шоқындырып, мұсылмандықтан кеткелі жүр ме? Тәп-тәуір Құран оқып жүрген бала орыс болып кетпей ме екен?» десіп жатты. Мұны естіп Мұстафа тіпті қорқып кетті. Әлгінде ғана қалада оқу тура-лы ойлап,алып-ұшып тұрған көңілі су сепкендей басылып,құмарлық, ынтызарлықтың орнын белгісіз бір үрей басты. Жүрегі қатты-қатты соға бастады. Енді ол жол қамын жасап жүрген әкесіне барып «Әке, Ақмешітке апара көрмеші, орысша оқымаймын. Менің орыс болғым келмейді», деп жалынып, ернін дүрдитіп, қыстығып, жылай бастады. Шатақтың қайдан шыққанын сезе қойған би өксіп тұрған үрейлі бала-ны жанына ертіп алып, аулаққа шығып, жаймен сөз бастап:


— Ақылың көп еді ғой, қарағым. Жұрттың даурықпа сөзіне сеніп қайтесің. Сен апалар мен әжелердің сөзін тыңдама, менің айтқанымды тыңда. Мен қай кезде саған жалған сөйлеп, жамандық ойладым. «Шоқынып кетесің» деп қорқытып жүрген кім ол өзі? Сен Ақмешітке орыс болу үшін емес, оқып, білім алу үшін барасың. Орыс-ша оқығанның бәрі діннен шыға ма екен? Әне,Әліш ағаңды көрмейсің бе? Құдайға шүкір,мұсылманша хаттанып,Құранды жақсы меңгердің. Енді заманның талабына орай орыс тілін де үйренуің керек.Орыс тілін білсең — ұлық болып, жұртқа пайдаң тиеді. Онда анау малы мен жері тоналып, өзі қаналып, итжеккенге айдалып жатқан ауылдастарыңа болысасың. Ал орысша білмесең, есерге есең кетіп, қор болып жүре бересің. Әлмұхаммет ағаң да осылай ойлайды»,—деп бір тоқтады.


Өзіне салмақ сала сөйлеген әке сөзіне ден қойған Мұстафаның бойындағы үрей тарқап,кәдімгідей жігер пайда болды.Сол сәтте оның есіне өздерінің үйлерін мұжықтардың қалай тартып алғаны түсті. Одан кейін де талай басынған қарашекпенділер бұлардың жайқалып тұрған егіндерін тартып алып, өз араларында бөлісіп алған-ды. Жұрт даурығып, өре түрегелгенімен, іс тағы да келімсек мұжықтардың пай-дасына шешілген. Заң-закүн, өкімет солардың жағында болғандықтан, ойларына     келгенін     істеп, қазақтарды     тонайтын. Полицейлерге шағынып, ауыл адамдарын жазықсыз соққыға жыққызатын. Ал бей-шара қазақтар орыс тілі мен үкіметтің тиісті заңдарын білмегендіктен, мұжықтардың жанында мылқауға ұқсап,қолдарын сермеп-сермеп кет-кеннен басқа түк бітірмейтін. Содан кейін ыза болған би заман тала-бына орай ұлдарының бірін орысша оқытуға іштей бекіген еді. Бала да болса Мұстафа осыны түсініп, түйсігімен ұғып, әке сөзіне басын изеп жауап берді.Бұл оның әке ұйғарымына келіскенінің белгісі еді.


Ағайын арасында Шоқай биге ешкім қарсы келіп, уәж айта алмай-тын. Сондықтан жиналғандардың бәрі үнсіз қоштаса бастады. Ана-лары жылап келіп, маңдайынан сүйді. Толқып тұрғанымен, Мұстафа оларға көз жасын көрсеткен жоқ. Бұл кезде ол әке сөзін жадына берік түйіп алған еді. Атына қарғып мінген би алдына ұлын отырғызып алып,«шүу» деп жүріп кетті.Жұрт улап-шулап,сәт-сапар тілеп,артта-рынан қош айтысып қала берді.


Ақмешітке жексенбі күні келген Шоқай әуелі бір зәулім сарайға ат басын бұрды. Сірә, қонақ үй болса керек. Үлкен қалаға алғаш келіп тұрған Мұстафа адасып кетермін деп қорқып, әкесінің қолынан мықтап ұстап, айырылмады. Оның үстіне, базар күні болғандықтан, шынында адам нөпір болатын. Олар қала аралап, базарға барды. Мұнша адамды ол ешқашан көрген емес. Базардан әкесі керек зат-тарын сатып алды. Ақшаны алғаш рет көріп тұрған Мұстафаға бәрі таңсық. Жан-жағындағы сапырылысқан адамдарға, ресми киінген шенеуніктерге, шүлдірлеп сөйлескен орыстарға қарап, алақтап, есі шықты. Шудан құлағы тұнып, басы айналып, «ешуақытта қалаға үйрене алмайтын, орысша сөйлей алмайтын шығармын» деп ойлап, түңіле түсті.


Кешкісін Шоқай би ұлын жетектеп ескі танысының үйіне бар-ды. Досы саудагер татар екен, жаны қалмай елпеңдеп, қой сойып, бұларды жақсы күтті.Ас үстінде әкесі шаһарға келу себебін түсіндіріп, үй иесіне ұлын таныстырды. Мұстафаның орысша оқитынын айт-ты. Бұған қожайын қуанып, құптай жөнелді. Ол баланың арқасынан қағып,«қолың бос болғанда,мереке күндері үйге келіп-кетіп тұр» деді. Бұған марқайып қалған ол үйдегі балалармен танысып, олармен тез тіл табысып, ойнап кетті. Татар балалар қазақша таза сөйлейді екен. Мұстафа бұған таң қалды. Сәлден кейін оның таңданысы одан сайын артты.Өйткені ойнауға келген орыс балалары да таза қазақша сөйлейді екен. Әсіресе, Васька деген бала тақылдап тұр. Ол Мұстафамен таны-сып алғаннан кейін «орысша не білесің?» деп сұрады. Бұл үндеген жоқ. Бір ауыз сөз білмейді, не десін? Ауыл баласының аңқаулығын пайдаланғысы келген Васька «орысша үйренгің келсе,мен үйретемін» деді. Сосын:


— Бабаның қазақшасы қалай? —деп сұрады. —Ата.


—Ананың ше? — Шеше.


—Олай болса біліп қой,—деді ол қулана сығырайып: атаның орыс-шасы — атец, ал шеше — шешец.Ұқтың ба?


—Ұқтым.


—Ұмытпайсың ба?


— Жоқ, ұмытпаймын.


 


Татар балалар өзара күлісіп, мәз болып жатты. Ал Мұстафа орыс тілінің осыншама оңай екенін ойлап, қуанып кетті.


Ертеңіне олар мектепке барды. Татар мұғалім жайдары адам екен, әкесімен жылы амандасып:


— Қандай шаруамен жүрсіз, қайдан келдіңіз? —деп сұрады.


— Менің аты-жөнім Торғаев Шоқай, — деді әкесі байыппен сөйлеп.— Біз осы Перовск уезіне қарасты Гродеков болысының 3-ші ауылынан келдік. Мынау — менің ұлым Мұстафа. Осында оқытуға алып келдім.


— А, иә, сіздің әкеңіз Торғай датқа жайлы білемін. Ол кісі тура-лы императорлық қоғамның кітабында жақсы айтылған. Мұндай әулеттен шыққан бала да жақсы оқуы тиіс, солай емес пе? — деп Мұстафаға қарады:


— Жазу білесің бе?


Бұл басын ақырын изеді. — Нешедесің?


Бұл жолы бойы үйрене бастаған ол басын тіктеп:


— Жетідемін. Барыс жылы туғанмын,—деп жауап берді.


Мұғалім күлімсіреп,баланың басынан сипап тұрып,біраз мақтады. Мақтауға марқайып қалған ол орысша да білетінін айтты. Шоқай ба-ласына таңдана қарады. Мұғалімнің «ал, айта ғой, ол қандай сөздер» деуі мұң екен бұл: «ата —атец,шеше —шешец» деді.Мұғалім де,әкесі де күліп жіберді.


Мұғаліммен уағдаласып,мектепке келетін уақытты біліп алғаннан кейін Шоқай ұлын алып, ауылына қайтты. Келгесін ауылда бәрі жа-мырасып,қала туралы сұрап жатты.Бұл мақтанып,көргендерін жіпке тізгендей түгел айтып берді. «Апырай, қандай жақсы» десіп, ауызда-рынан суы құрып тыңдаған достары оған қызыға қарады.Бұл кезде ол да қаланы жақсы көріп қалған еді. Сондықтан Ақмешітте оқу туралы ойын бекіте түсті. Енді ол тезірек қалаға кеткісі келді.


Жан баласы маңдайынан шертіп көрмеген бұл «Бәрібір ертең қалаға кетіп қаламын. Оқымай тұрып ойынды әбден қандырып алайын» деген оймен ертелі-кеш далада жүріп,түрлі тентектіктер жа-сады. Жер мен көк астасып жатқан шексіз далаға шығып кетеді. Қай жағынан қарасаң да ұшы-қиыры көрінбейді. Бұл Сыдық ағасының құлынын мініп, әбден шапқылап, болдыртып тастайтын. Бірде құлын арықтан аттай бергенде тайып жығылып, оңбай құлады. Аяғы майып болып,ауылға жете алмай қалды.Құлынның жалғыз қайтқанын көріп, жүректері ұшқан туыстары жан ұшырып іздеп, қас қарайғанда барып әзер тапты. Содан кейін оған құлын бағуға тыйым салынды.


 


Енді Мұстафа достарымен бірігіп бұзау бағатын болды. Сіңірі со-зылып,айдалада қалып қойса да,тентектігі басылмаған ол серіктеріне бас болып, бұзауға мініп шапқылайтын. Қырсық әрі кішкентай болғандықтан кейде бұзаулар шаба қоймаса, ауылдан дәрі әкеліп жағатын. Қызыл бұрыш жанды жеріне тиген бұзаулар алды-артына қарамай шаба жөнелетін.Бұған балалар мәз болып,сықылықтап келіп күлетін.Бұрыш ашытып,жаны көзіне көрінген бұзаулар Сырдың суы-на қойып кететін. Содан кейін балалар оларға мініп алып жарысатын. Ата-аналары мұны біліп қойып,ұрысқанымен,оларды тыңдап жатқан бұлар бар ма, Мұстафа бас болып, ойындарын әрі қарай жалғастыра беретін. Кейде олар темір жолға барып ойнайтын. Біраз қашықта орналасқанына қарамастан, жалықпай барып, телеграф бағаналарын бойлап жарысатын. Мұстафа темір жол арқылы өтетін шайтан арбаға мініп үлкен қалаға, патша отырған әйдік шаһарға кеткісі келетін. Үлкендер жағынан осы сымдармен патшамен сөйлесуге мүмкін екенін естіп алған балалар, бағаналарға өрмелеп көретін. Сымға жете алмағаннан кейін,серейген тіреулерді қамшымен осып-осып жіберіп, патшаны жеті атасымен, зәузатымен қосып боқтайтын. Сосын өздерінің сөздері патшаның құлағына жеткендей,үлкен іс бітіргендей маңғазданып ауылға қайтатын.


Осылайша жаз айы да зулап өте шықты. Күз келіп, Мұстафа оқуға жиналды. Оның Ақмешітке барып, оқуы керек болатын. Алайда оқу басталар алдында жолға жиналып жатқан ол аяқ астынан ауырып, төсекке таңылып жатып қалды. Шешекпен ауырған ол сол жолы өлім аузынан қалды. Қызуы көтеріліп, түнімен еліріп, сандырақтап шығатын оның жанына үлкен анасы келіп, басында күзетіп отырды. Сол жолы мейірімді бәйбішенің аялы алақанының жылуымен ол үш аптада құлан-таза айығып кетті. Бірақ ол оқудан кешігіп қалды. Тек толық айығып, орнынан тұрғаннан кейін ғана оқу мәселесі қайтадан сөз бола бастады.





Пікір жазу