09.05.2023
  110


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма

Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?
Шындық қой мұнысы да, көз салып көр,
Өзгені зор тұтқаның — өзіңе сор.
Ұсынсаң өмір жолын өзгелерге,
Өмірде өзіңе тек кезігер тор.
Көрдім мен талай шенді ұлықтарды,
Күндейтін бірін-бірі бүлік жанды,
Құлмақты құмалақтан айырмайды,
Жасауға шебер түрлі қылықтарды.
Сақтауға тозған абырой, шірік істі,
Кемітер олар жаңа сыпырғышты;
Ал жаңа сыпырғыш та мансап үшін,
Мән бермес ескілікке, сыры күшті.
Бір-бірін халықтар да сөгін, тілдеп,
Мұқатып жүрген жоқ па қастық тілеп.
Білсейші халық біткен, бәріңде де
Ежелден бір емес пе мақсұт-тілек.





Пікір жазу