09.05.2023
  86


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Жыр сыры

Жырда қандай нақыл бap,
Күші неде, анықта?
Ұғып соны ақындар,
Мақұлдасын халық та.
Махаббатың лебімен,
Әуелі жыр шалқысын.
Тәтті үнге төгілген,
Наз жүректер балқысын.
Содан соң жырда бал шырын,
Жақұттай бір жайнасын
Елтіп соған ғашығың
Жарыса бір сайрасын.
Содан соң ата салтымыз,
Бас, батырлық айғайға,
Тәңір тұтқан халқымыз
Жеңген ерді майданда.
Ақыры, отты жүрекпен
Қарғыстап бар сұмдықты,
Жырлайық ізгі тілекпен
Барлық ғажап шындықты.
Шықсын осы төрт әуен,
Баяғыша жаңғырып,—
Хафиздей сонда болып сен,
Елің сүйер мәңгілік.





Пікір жазу