09.05.2023
94
Тәубе
Ағаттығыңды кешкенмен,
Кімге Өмір оңай дес берген?
Менен де өтіп барады,
Он сегіз дейтін көш-керуен...
Бақытты қайтем кеш келген,
Тағдыры неге өш дер ме ең?
Айыбым шығар өлең деп,
Адасып кетсем «есті елден».
Болмасам-дағы баққа құл,
Сүріппін өмір тәп-тәуір.
Адамның бәрі – жанашыр,
Адамның бәрі – жатбауыр!
Тірліктің, білем, түбі – мұң:
Жану мен сөну бір ұғым.
Ащы болсаң да сүйер ем,
Тәп-тәтті менің ғұмырым!