Жеңісті күн, жемісті...
1941 жылы бастау алып, 1945 жылы мамыр айының 9 шы жұлдызында жеткен Ұлы жеңіс күнін айқындайтын, сол кезеңде әрбір сала иелерінің Отан үшін деп, елім үшін деп соғысқа аттануы елдің тынышы мен қауіпсіздігіне негізделген болатын. Күйеулерін соғысқа жіберіп, өздері балаларын арқалап алып тылдың ауыр жұмыстарымен айналысқан аналарымыздың көз жасы, әкелерін іздеген сол кездегі қаншама балалардың әкесін іздеп, жылап-қайғыруларының көріністерінің жарқын бейнесі осы — Жеңіс күнінің астарына жасырынып тұр десек қате айтпағанымыз болар.
Ұлы Жеңіс күнге арналған іс-шараларға соғыс ардагерінің жақындары келіп, аталарының бастан өткендерін асықпай баяндап, әсіресе соғыстан болған жайларды еске алып елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
9 шы мамырды Жеңісті күн, жемісін берген күн ретінде аталынып, ел мерейі өсетін күн осы мереке болып табылады.
Дәл осы 9 мамыр күні Жеңісі мен бүкіл әлемді тәнті еткен Ұлы Отан соғысының ардагердерін еске алып, олардың жақындарын түрлі іс-шараларға шақырып, құрмет көрсетіледі. Аталары жайлы, аталары айтқан соғыста болған, бастан өткерген жайларын жиналған жұртшылыққа айтып береді. Міне, осындай қиындықтармен келген Жеңіс күні біздер үшін мәңгілік жанып тұратын алаудай көрініс табады. Және бұл көрініс арада қаншама жыл, тіпті қаншама ғасыр өтсе де жалғасын табатынына бек сенімдімін!
9 шы мамыр күні есік ашып, жеңістің алауын жаққан Жеңісті күн, жемісті күндерге ұласып, бейбітшілік күндеріне жалғанып келеді. Отан үшін отқа түсіп, жан алысып, жан беріскен біздің жауынгер аталарымыздың арқасында қазіргі таңда тыныш, бейбіт, тәуелсіз елде өмір сүрудеміз. Осындай жарқын күндеріміз үшін де ардагер аталарымызға қашанда мың алғыс айтамыз!
Ел мерейі үстем болып, жеңісті де, жемісті күндеріміз көп болсын! Жеңіс күні құтты болсын!